ҧятқа қалдырмау ҥшін намысқа тырысып бақтым. Оқыдым, іздендім.
Білмегенімді сҧраудан ҧялмадым. Ал осы кезде менің кей достарым:
«Мен де кӛтерілер едім, әттең «поддержкам» жоқ. Талант бар таныс
жоқ деген осы екен. Қайтеміз, мойынсҧнамыз да», -- деп ӛздерін кері
тартты, ӛмірдеңе ештеңеге қол жеткізбеді.
Француз ойшылы
Ф.Вольтердің:
«Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер
болмайды», -- дегенін жадыңызда ұстаңыз!
Тағы бір мысал айта кетейін, АҚШ-та бір нашақор әкенің екі ҧлы
болыпты. Ең кенжесі әкесіне ҧқсаған нашақор, ал ҥлкен аты әлемге
танылған адвокат болған екен. Бір әкеден мінезі де, ӛмір сҥру салты
да екі тҥрлі бала туылғанына таңданған журналистер алдымен кіші
ҧлға келіп: «Сіз қалай нашақор болдыңыз?» деп сҧрақ қойыпты.
Сӛйтсе кіші ҧл: «Нашақор әкені кӛре тҧра
менде басқа таңдау болды
ма?» -- деп жауап беріпті. Журналистер дәл осы сҧрақты адвокат
ҧлына қойғанда, ол да: ««Нашақор әкені кӛре тҧра менде басқа таңдау
болды ма?», -- деген екен.
Қарап отырсаңыз, екі ҧлдың да берген жауабы бірдей болды.
Бірақ оның астырына мән беріп қарасаңыз, мағынасы басқаша болып
шығады.Яғни бір әке болғанымен екі бала сол әкесіне екі тҥрлі кӛз
қарас танытып ӛсті. Бірақ біреуінің ерік-жігері әлсіз болды да, әкенің
жолын қуды, ал екіншісі әкесінің әрекетінен ӛмірлік сабақ алып,
болашақта оны тура жолға салу ҥшін, жамандықтан қорғау ҥшін заңгер
мамандығында оқыды. Міне, осыдан-ақ адамдар кез-келген қиындыққа
ӛмірлік
сабақ ретінде қарап, одан ҧтып шығатын жолды қарастыруы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: