12 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
екендігі сондай оның мөлшері осы тарау мәтінінің ауданындай жерді алып жатады.
Клетка биологиясы күрделі шығар, бірақ оны зерттеу мүмкін емес деп айтуға болмай-
ды.
Қазіргі қоршаған ортада мекен ететін тірі клетка-
ларда шамамен 300-ден кем ген болмайды, бірақ олар-
дың тек 60-ы ғана барлық
тірі организмдерге ортақ
болып келеді.
Қорытынды
Жеке клетка – тірі организмнің өздігінен репродук-
цияланатын минимальды бірлігі болып табылады және ол өздігінен реплиикациялана
алатын молекулалар жиынтығынан тұрады. Репродукция процесінің басты мақсаты
– генетикалық ақпаратты өзінің ұрпағына тасымалдау. Біздің планетамыздың әр
клеткасы өзінің генетикалық ақпаратын бірдей химиялық күйде – ДНҚ-ның қос тіз-
бегі түрінде сақтайды. Клетка өзінің ақпаратын ДНҚ-ның әр тізбегін ажыратып,
оларды полимеризация процесінің матрицасы ретінде жаңа комплементарлы тізбек-
терді синтездеу үшін қолданады. Матрицалық полимеризацияның дәл осындай жолы
ДНҚ-дағы ақпаратты матрицалық полимеризация көмегімен РНҚ түріне алмастыру
үшін қолданылады. РНҚ молекулалары күрделі трансляциялық машина – рибосома –
көмегімен белок синтезін іске асырады. Белоктар клеткадағы барлық реакцияларды
іске асыратын молекулалар болып табылады; олардың басқа қасиеттеріне плазма-
тикалық мембрананың әртүрлі қосылыстарды сұрыптамалы түрде өткізу қасиетін
жатқызуға болады. Әр белоктың арнайы қасиеттері оның аминқышқылдық тізбегіне
тәуелді болады. Аминқышқылдық тізбек оны кодтайтын ДНҚ-дағы нуклеотидтермен
– генмен анықталады. Осы жолмен, геном клетканың химиялық құрамын анықтайды;
сонымен қатар, кез келген тірі клетканың химиялық құрамы, фундаменталдық тұрғы-
дан қарағанда, ұқсас болады, себебі ДНҚ-ның РНҚ-лар мен белоктардың синтезін
қамтамасыз ететін процестері барлық клеткаларда бірдей жүреді. Ең қарапайым
тірі клеткада, шамамен, 400-дей ген болады.
Достарыңызбен бөлісу: