296 5-тарау. ДНҚ репликациясы, репарациясы және рекомбинациясы
лардағы ДНҚ зақымдануының жиналуынан орын алатын өлім жағдайлары 20-тарауда
талқыланады. Мутация жиілігінің қарқынды түрде өсуі ісік жиілігін арттырады, себебі
варианттық клеткалар мөлшері өседі. Сондықтан, гендер саны өте көп болатын орга-
низмдерді қалпында сақтау үшін және соматикалық клеткалардағы мутация әсерінен
ісіктің пайда болуының алдын алу мақсатында көпклеткалы организмдер ДНҚ тізбек-
терінің репликациялану мен қалпында сақтау механизмдеріне тәуелді болады.
5.1-сурет.
Ұрық клеткалары және соматикалық клеткалар фундаменталдық тұрғыдан әртүрлі
функцияларды атқарады. Жынысты жолмен көбейетін организмдерде ұрық клеткалары (
қызыл)
генетикалық ақпаратты келесі ұрпаққа таратады. Организм денесін қалыптастыратын соматикалық
клеткалар (
көк) ұрық клеткаларының аман қалуына қажетті, бірақ өздері ұрпақ қалдырмайды.
Қорытынды
Барлық клеткаларда ДНҚ тізбектері жоғары мұқияттылықпен репликацияланады
және қалпында ұсталады. ДНҚ репликацияланған сайын, 10
10
нуклеотидтерге шаққан-
да, шамамен 1 қате кетеді. Осы жоғары деңгейдегі мұқияттылыққа байланысты
адам геномының тізбегі өзгермейді немесе аз ғана нуклеотидтерге өзгереді. Осы меха-
низмдер адамға генетикалық нұсқауларды ұрпаққа мұқият түрде тасымалдауға және
соматикалық клеткалардың ісікке айналуына әкелетін өзгерістерді болдыртпауға
мүмкіншілік береді.
ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
Барлық организмдер өзінің ДНҚ-сын клетка бөлінуі
алдында өте жоғары мұқият-
тылықпен дупликациялайды. Осы бөлімде біз «репликациялық машинаның» мұқият-
тылықтың соншама жоғары деңгейіне секундына, шамамен, 1000 нуклеотидті дуплика-
циялау жылдамдығына қалай жететініне көңіл бөлеміз.
ДНҚ репликациясы мен репарациясы негіздер жұбын құруға негізделеді
ДНҚ матрицасын қолдану механизмінің көмегімен клетка
ДНҚ-ның бір тізбегіне
комплементарлы екінші тізбекті синтездейді (
5.2-сурет
). Бұл процесс ДНҚ спиралінің
екі матрицалық тізбекке ажырауын қажет етеді және ДНҚ-ның
матрицалық тізбек-
теріндегі әр нуклеотидтің (полимеризацияланбаған) комплементарлы бос нуклеотидті
ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
297
тануымен іске асады. ДНҚ спиралінің ажырауы негіздер жұбын құру үшін
әр ДНҚ
негізіндегі сутектік байланыстың доноры мен акцепторын анықтайды. ДНҚ-ның жаңа
тізбегінің синтезі ферментпен катализденетін реакция көмегімен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: