ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ
299
Басында, ДНҚ репликациясының ең қарапайым механизмі түзілген жаңа екі тізбек-
тің созылмалы өсуі болып көрінеді. ДНҚ спиралінің құрамындағы екі ДНҚ тізбегінің
антипараллельдік бағыттарына орай осы механизм бір еншілес тізбектің 5’-3’ бағытта,
ал екіншісінің 3’-5’ бағытында синтезделуін қажет етеді. Оындай репликативтік айыр
екі түрлі ДНҚ полимеразаларын қажет ететін еді. Дегенмен, репликативтік айырдағы
ДНҚ-полимераза ферменті тек 5’-3’ бағытта ғана әрекет ете алады.
Сонда ДНҚ тізбегі 3’-5’ бағытта қалай өседі? Осы сұрақтың жауабы 1960 жылдары
іске асырылған тәжірибе негізінде болжалды. Зерттеушілер бөлініп жатқан бактерия-
ларға, репликативтік айырдан кейін тек аз ғана ДНҚ синтезделуін көздей отырып, реак-
циялық ортаға бірнеше секундқа жоғары радиоактивті болып табылатын
3
Н-тимидинді
қосты. Осының нәтижесінде ұзындығы 1000-2000 нуклеотидтер
тізбегінен тұратын
үзікті ДНҚ бөліктерінің түзілетіні анықталды. Осы үзікті бөліктер қазір
Оказаки фраг-
менттері деп аталады (кейін эукриоттарда, ұзындығы 100-200
нуклеотид қалдықта-
рынан тұратын, ұқсас ДНҚ бөліктері анықталды). Оказаки фрагменттері 5’-3’ бағытта
синтезделеді және біріне-бірі жалғанады.
Репликативтік айырдың пішіні асимметриялы болады (
5.7-сурет
). Үздіксіз түрде
РЕПЛИКАЦИЯ
РЕПЛИКАЦИЯ
РЕПЛИКАЦИЯ
5.5-сурет.
ДНҚ репликациясының жар-
тылай консервативтік табиғаты. Репли-
кацияның
айналымында ДНҚ-ның әр
тізбегі комплементарлы ДНҚ тізбектерінің
түзілуіне матрица болады. Негізгі тізбектер
бірнеше ұрпақ бойы интактты күйде қала-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: