Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет296/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.3-кесте 
мен 
5.37-сурет
). Мысалы, адам 
клеткасының ДНҚ-сы күніне, шамамен, 18000 пурин негіздерін (аденин мен гуанин) 
жоғалтады, себебі олардың дезоксирибозамен арасындағы N-гликозил байланысы депу-
ринация атты өздігінен жүретін реакцияда гидролизденеді. Осыған ұқсас түрде ДНҚ-да 
цитозиннің урацилге дейін өздігінен дезаминденуі орын алады. Әр күн сайын клеткада, 
шамамен, 100 жұп цитозин дезаминденеді (
5.38-сурет
). Сонымен қатар, ДНҚ негіздері 
клеткада түзілетін реакцияға оңай түсетін метаболиттермен, соның ішінде оттегінің 
реактивтік формаларымен және жоғары энергиялық метил доноры болатын S-адено-
зилметионинмен әрекеттеседі. Осы процеске ұқсас, УК сәулелері ДНҚ құрамындағы 


ДНҚ РЕПАРАЦИЯСЫ
329
екі пиримидиндік негіз арасында коваленттік байланыс түзе алады, мысалы, тимин 
димерлері (
5.39-сурет
). ДНҚ репликацияланған кезде түзетілмесе, осы өзгерістердің 
көпшілігі бір немесе бірнеше негіздердің делециясына немесе еншілес тізбектегі негіз-
дер жұбының алмасуына әкеле алады (
5.40-сурет
). 
5.3-КЕСТЕ. 
Диплоидты сүтқоректілер клеткасында 24 сағат ішінде орын алатын және 
репарацияланатын эндогендік ДНҚ зақымдары
ДНҚ зақымы
24 сағат ішінде репарация саны
Гидролиз 
Депуриндену 
18000
Депиримидиндену
600
Цитозиннің дезаминденуі
100
5-метилцизотиннің дезаминденуі
10
Тотығу 
8-оксо Г
1500
Қаныққан сақиналы пиримидиндер (тимин гликоль, 
цитозин гидраттары)
2000
Липидтер асқын тотығуының өнімдері (M1G, этено-А, 
этено-Ц)
1000
S-
аденозилметионинмен ферменттік емес метильдену
7-метилгуанин
6000
3-метиладенин
1200
Нитрозирленген полиаминдер мен пептидтермен ферменттік емес метильдену
О
6
-метилгуанин
20-100
Кестеде келтірілген ДНҚ зақымдары клеткада орын алатын қалыпты химиялық реакциялардың 
нәтижелері болып табылады. Сыртқы химиялық заттар мен радиацияға тап болған клеткалар ДНҚ 
зақымдарының ауырырақ және әртүрлі формаларына шалдығады (T. Lindahl and D.E. Barnes, Cold 
Spring Harb
Symp. Quant. Biol. 65:127–133, 2000 көзінене алынған).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет