Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. 
Сөз тіркесі дегеніміз не? Ол нені қарастырады? 
2. 
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі қай жылдардан бастап зерттеле 
бастады? 
3. 
Сөз тіркесін оған ұқсас тұлғалардан қалай ажыратамыз? 
4. 
Күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің сөз тіркесіне қандай 
қатысы бар? 
5. 
Тақырыпта қамтылған еңбектерден басқа сөз тіркесіне қатысты 
қандай еңбектерді білесіз? 
1-тапсырма. Төмендегі берілген тіркестердің түрін ажыратып, 
кестені толтырыңыз. 
Сөз тіркесі 
Тұрақты тіркес 
Таза дәптер, жүрек жұтқан, діңкесі құру, әдемі киім, тіл қатпау, 
қоян жүрек, ақылды адам, халықтың еңбегі, беті шыдамау, өнегелі 
отбасы, мұрнын шүйірді. 
 
2-тапсырма. Өлең жолдарында берілген сөз тіркестерін тауып, олардың 
қатысымен портрет жасаңыз.
 Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
Аласы аз,қара көзі нұр жайнайды. 
Жіңішке қара қасы сызып қойған, 
Бір жаңа ұқсатамын туған айды (Абай). 
3-тапсырма. Кубизм стратегиясы


28 
1. Дәлелдеңіз. Бір сөйлем құраңыз, ондағы сөз тіркестерін тауып, 
олардың сөз тіркесі екенін дәлелдеңіз.
2. Анықтаңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен 
байланыстырып тұрған тұлғаларды тауып, олардың қандай тұлға екенін 
анықтаңыз.
3. Талдаңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі сөз тіркестерін тауып, 
оларды сөз тіркестерінің айрықша белгілеріне қарай талдаңыз.
4. Астын сызыңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі сөздерді бір-
бірімен байланыстырып тұрған тұлғалардың астын сызыңыз.
5. Ажыратыңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі сөз тіркестерін 
тауып, оларды байланысу түріне қарай ажыратыңыз.  
6. Зерттеңіз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемді оқып шығып, сөз 
тіркестерін тауып, олар қандай синтаксистік қатынаста жұмсалып 
тұрғанын анықтап, сөз тіркесінің түрлеріне, байланысу тәсіліне қарай 
талдаңыз. Ғалымдардың пікірін келтіре отырып, ойыңызды дәлелдеңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет