40
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев,
Т.Қордабаев, Р.Әміров, Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Т.Сайрамбаев
сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін
қосты.
Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты
категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де,
сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін
де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан
бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем – құрмалас
сөйлемді құраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы
жай сөйлем негізінде құрала келіп, күрделі ойды білдіреді.
Тіл тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем аяқталған ойды
білдіре ме, әлде біршама аяқталған ойды білдіре ме деген сұрақ төңірегінде
әртүрлі пікірлер бар. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік
белгілерімен
нақтыланады,
атап
айтқанда:
предикативтілік,
коммуникативтілік, модальділік және иннотация. Бірақ бұл белгілер бірден
қалыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов
сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны
ғана жатқызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те
қосылып, аясы ұлғая бастады.
Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайрамбаев:
«Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және
интонация – үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз.
Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы
екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді.
41
Ал модальділік
белгісі ретінде – рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және
интонацияны көрсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер
синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың қатынасы –
предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік
қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар
бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын
алады, - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын
да көрсеткен.
42
Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін
айтады.
Достарыңызбен бөлісу: