Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

Предикативтілік. Сөйлемді сөйлем ретінде танытатын белгінің бірі 
ретінде предикативтілік аталады. Сөйлемнің предикативтілік қасиеті 
туралы зерттеулер қай тілде болмасын аз емес. Тілші-ғалымдар сөйлем 
атаулының қандай түрі болмасын предикативтілік қасиетке ие және бұл 
оның басты белгісі болып саналады деп есептейді. «Предикативтілік – 
синтаксистің 
негізгі 
единицасы 
болып 
табылатын 
сөйлемнің 
функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы
хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде 
41
Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы, 1982, 81-бетте
42
Әміров Р.С. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998, 56-бетте


41 
қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің 
құзырына енетін барлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып 
зерттеуге арналған категория».
.43
Сөйлемді формальдық, құрылымдық (структуралық) тұрғыдан 
қарастыратындар предикативтілікті бастауыш пен баяндауыштың, яғни
синтаксистік бас мүшелердің қатынасы ретінде таныса, сөйлемді 
семантикалық құрылым тұрғысынан қарайтындар субъект пен 
предикаттың қатынасы деп есептейді. Сөйлемді коммуникативтік 
құрылым ретінде қарастыратындар оны тема мен реманың (актуалдық 
мүшелердің) қатынасы тұрғысынан қарастырады.
Модальділік. Сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа 
қатынасы модальділік болып саналады. Баяншының ақиқат шындыққа 
деген көзқарасын, түсінігін білдіруін модальділік деп атаймыз. Сөйлемнің 
модальділік қасиеті иннотация арқылы, етістіктің рай, шақ көрсеткіштері, 
түрлі етістік жұрнақтары, түрлі демеуліктер, сөздердің орны тәртібі, 
қыстырма мүшелер арқылы көрінеді.
Коммуникативтілік. Сөйлемнің қарым-қатынас құралының қызметін 
атқаруы оның коммуникативтілік қызметі болып саналады. Адамдар бір-
бірімен тіл арқылы қарым-қатынас жасайды. Сөз тіркесі сөйлемді құраушы 
қатысымдық бірлік болғанмен ол адамдардың бір-бірімен пікір алмасуын 
толыққанды жүзеге асыра алмайды. Сондықтан сөйлем ғана қарым-
қатынастың негізі болып табылады.
Интонация. Сөйлем біршама аяқталған ойды білдіргендіктен, оның 
өзіне тән иннотациясы болады. Сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты 
және лепті болып жіктелуі сөйлемнің иннотациясына байланысты.
Баяншының қуана немесе ренжи сөйлеуі және т.б. көңіл-күйі интонация 
арқылы айқындалады. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып
өзіндік белгілерімен басқа тілдік бірліктерден (сөз, сөз тіркесі) 
нақтыланады. Бұл белгілердің әрқайсысы жеке-жеке жұмсалмай, барлығы 
бірлікте келіп, сөйлемнің сөйлемдік қасиетін нақтылайды. 
Т. Ермекова, Б. Шалабай, Н. Ілиясовалар «Синтаксис» атты оқу 
құралында сөйлемді төмендегідей жіктеп көрсетеді:
Сөйлем өзiнiң мазмұны мен грамматикалық белгiлерiне қарай бiрнеше 
топқа бөлiнедi: 
1. Айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, бұйрықты; 
2. Сөйлемде айтылған ойдың объективтi шындыққа қарым-
қатынасына 
(грамматикалық 
сипатына) 
қарай: 
болымды, 
болымсыз; 
3. Синтаксистiк мүшеге бөлiну-бөлiнбеуiне қарай: мүшеленетiн, 
мүшеленбейтiн; 
4. Сөйлемде сөйлем құрауға негiз болатын бас мүшелердiң сөйлем 
құрылымына қатынасуына байланысты: екi бас мүшелi сөйлемдер, 
бiр бас мүшелi сөйлемдер; 
43
Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Рауан, 1991. – 156 б.


42 
5. Сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердiң болу, болмауына қарай: 
жалаң, жайылма; 
6. Сөйлем құрамында ойға қажеттi мүшелерiнiң қатынасына қарай: 
толымды, толымсыз; 
7. Сөйлемдi 
күрделендiрушi элементтерiнiң қатысына қарай: 
күрделенген/ күрделенбеген; 
8. Сөйлем құрылысына қатысты мүшелерiнiң түсу-түспеуiне қарай: 
ықшамдалған/ ықшамдалмаған сөйлемдер
44

Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет