99
біреудің айтқан сөзін ешбір өзгертпей, сол қалпында беруін төл сөз
дейміз. Мысалы: –
Өтірік пен шынның арасы – төрт елі. Көз бен
көргеннің арасы, құлақ пен естігеннің арасы неше шақырым деп мені
алдамаңыз, – дейді Сырым.
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі
дейміз. Бұл сөйлемдегі автор сөзі:
дейді Сырым, яғни сөзді кімнің
айтқанын білдіріп тұр.
Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу
сөз дейміз. Мысалы:
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,
деді Абай деген төл
сөзді төлеу сөзге айналдырсақ, «Абай күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар екенін айтты» болып шығады.
Біреудің сөзі төлеу сөз түрінде берілгенде, бастапқы сөйлемдік қасиеті
жойылып, автор сөзімен тұтасып айтылады.
Төл
сөз бен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады.
Де
етістігі үнемі автор сөзінің құрамында болады.
Де етістігі
деп, деді, дейді,
деген, деген екен, деген болатын, дегендей, дей жаздады және т.б.
тұлғада
қолданыла береді:
Алыңдар басын соқырдың! - деп ақырады Шыңғыс
тағындағы тiреудiң алтын балдағын шеңгелдеп (Ә.Әлімжанов).
Абай,
осы сен ақынсың-ау!
деді де күліп жіберді (М.Әуезов)
. Сырым
сынамаққа Бөкен биге сәлем бере барса, қарт:
Қай баласың?
депті («Қазақтың шешендік сөздері» кітабынан).
Тұр, тұр! Тұршы, Ербол!
дей берді (М.Әуезов).
Төл сөздің мазмұны автор сөзінің мазмұнына қарай біреудің айтқан
сөзі емес, оның ойлаған ойы, айтуға ниеттенген сөзі де болып келеді:
Сүйіндік өз ішінен: «Алдырған албырт деп оның несін айтты екен?» –
деп, жақтырмады (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: