Байланысты: Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2
Тақырып бойынша сұрақтар: 1.
Аралас құрмалас сөйлем деп қандай құрмаласты айтамыз?
2.
Аралас құрмалас сөйлем неше жай сөйлемнен құралады?
3.
Аралас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас пен сабақтас
құрмаластан қандай айырмашылығы бар?
4.
Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері қандай?
1-тапсырма. Мәтінге тақырып қойыңыз. Мәтіндегі құрмалас
сөйлемдерді түр-түріне (салалас, сабақтас, аралас) ажыратыңыз.
Әркім өз ойында, барлық бір ой қараға жетіп жығылуда келе жатқанда, Ақмола жолына көлденеңдеп түскелі келе жатқан бір кішкене шоғыр көрінді. Ақырын қозғалады, әрең жылжиды. Байжан тұра қалып, тесіле қарады да, екі салт аттыны көрді. Қары жұқалау жерде екі адам аттарына мінеді де, оппа қарға кездесіп қалғанда аттарынан түсіп, жетелеп алады. Кеудесінен оппалап келе жатқан аттар бауырымен қар сызып, жүзіп келе жатқандай. Екі аттың ортасында сүйретіліп келе жатқан бірдеме қараяды. Кейде екі салт қатар аяңдайды да, кейде бірі екі атты жетелеп, бірі артынан айдайды (Ғ.Мүсірепов).
2-тапсырма.«ПОПС» формуласын қолданып, ғалымдардың
құрмалас сөйлемнің түрлері туралы тұжырымдары бойынша өз пікіріңізді
дәлелдеңіз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... .. »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін …»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен
дәлелдей аламын ……»
97
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды
шешімге келдім ....».
3-тапсырма. Аралас құрмалас сөйлемнің басыңқы, бағыныңқы
сыңарларын анықтап, қалай жасалып тұрғанын айтыңыз.
1.Әрқайсысы ашылған кітаптың аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев). 2. Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). 3.Моп-момақан боп тұнып тұрған Есілдің суы қабықтай қалқытып ала жөнелгенде, сен малтымпаз болмасаң, суға кеттім деп үрейленесің, бірақ Есілдің суында тек аяғың мен қолыңды қимылдатсаң болғаны, Есіл сені көтеріп ала жөнеледі (С.Мұқанов). Ғабитхан содан бері екі күндей қамшысын жоқтап, бар қонақтың мазасын алып, әбден сарп ұрса да, дерек таппай, сілесі құрып қойған-ды (М.Әуезов).