567
Қазіргі қазақ тілі
салмай, түйдекті топ болып тұр да, сол түйдегімен күрделі сөз
тіркесінің құрамына еніп тұр (
табыстан-табысқа жету, қолдан-
қолға өту, бір-біріне бағыну, т.б.).
К ү р д е л і е с і м д е р т о б ы . Бұған енетін сөздердің бірінші
сыңары ілік, барыс, шығыс септіктеріндегі есім болып, екінші
сыңары осы жалғауларды керек ететін көмекші есімдер бола-
ды. Олар да түйдекті тіркес күйінде күрделі сөз тіркесінің бір
сыңары болады. Мысалы:
Желтоқсанның 30 күні біздің əскерлер
Ростовтың тұс-тұсынан тиіп, қаланы алды да, немістер «Мат-
вей қорғанына» дейін қашты (Ғ.Мүсірепов).
Жануарлар тегіс
жанданып,
құрт-құмырсқаға дейін тірілді (Ғ.Сланов).
Біраздан
кейін Асқар есін жинады (С.Мұқанов).
Қазіргі Степняк алтын
заводының орнында революциядан бұрын кішкене үйлер бола-
тын (С.Мұқанов).
Шығанақ үш күннен бері əр нəрсемен əуре
(Ғ.Мұстафин).
Арбаның қасында тұрғандардың кім екенін ол
таныды (С.Мұқанов).
Шығанақ жұмыс басында болды. Бір ха-
бар аяқ астынан дүңк ете қалды (Ғ.Мұстафин).
Қала үстіне
біздің самолеттер де келіп қалды (Ғ.Мүсірепов).
Үшін, сайын, арқылы, жөнінде, туралы, бойынша, түгіл,
сияқты (секілді), тəрізді деген демеуліктер де өздерінен бұрын
тұрған атау септіктегі сөздермен тұтасып бір түйдек болады:
сен үшін
1
, Отаным үшін, үй сайын, келген сайын, сен арқылы,
тау арқылы, аңшылар туралы, бала сияқты, келген сияқты, сен
тəрізді, т.б.
Т ұ р а қ т ы т і р к е с т е р т о б ы . Қазақ тілінде, басқа
тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында
жұмсалады. Мысалы,
Төбеден түскен түнек жаудың
үрейін
Достарыңызбен бөлісу: