Талғат сайрамбаев


§14. Сөздердің тіркесу тəсілдері мен



Pdf көрінісі
бет290/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§14. Сөздердің тіркесу тəсілдері мен 
байланысу формалары
Сөздер грамматиканың қарамағына түсіп, синтаксистік 
қызмет атқару үшін өзара берік байланыста болуы керек. Мыса-
лы: мен, жазба, өлең, ермек дегендер – бытыраңқы сөздер. Бұл 
сөздер біршама аяқталған ойды білдіретіндей сөйлем құрамына 
енгенде: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... (Абай) дегендей 
синтаксистік байланысқа еніп, өзара тіркесіп тұруға тиіс. Сонда 
мен деген сөз жазбаймын деген сөзбен байланысып, екінші тіркес 
болады, ермек үшін деген сөздер жазбаймын деген сөзбен байла-
нысып, үшінші тіркес жасалады.
Сөздер осылай өзара тіркесіп барып біртұтас сөйлем болғанда, 
олар əр алуан синтаксистік тəсілдер арқылы байланысады. Сөз 
бен сөзді байланыстыруға дəнекер болатын синтаксистік тəсілдер, 
негізінде мыналар: 1. Ж а л ғ а у л а р (көптік, жіктік, тəуелдік, 
септік). Мысалы, жастардың міндеті деген сөз тіркесіндегі екі 
сөздің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тəуелдік жалғауда 
айтылу арқылы байланысқан. 2. Ш ы л а у л а р (демеуліктер, 
жалғаулықтар). Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды 
дегендер шылаулар арқылы байланысқан. 3. И н т о н а ц и я . Бұл – 
кітап. Жақып – бригадир – интонация арқылы байланысқан.
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы – 
с и н т е т и к а л ы қ б а й л а н ы с , қосымшаларсыз, орын тəртібі, ин-
тонация, шылаулар арқылы байланысуы а н а л и т и к а л ы қ б а й -
л а н ы с болады.


570
Қазіргі қазақ тілі
Сөздердің өзара байланысу тəсілдері негізінде қалыптасқан 
синтаксистік байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары 
дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары 
мыналар: 1) қиысу, 2) матасу, 3) меңгеру, 4) қабысу, 5) жанасу.
Қ и ы с у – синтаксистік байланыстың көп қолданылатын бір 
түрі. Қиысу да сөйлемдегі бағыныңқы мүше (баяндауыш) басыңқы 
мүшенің (бастауыштың) грамматикалық мағынасына қарай тұл-
ғаланады. Мысалы, Мен көрдім ұзын қайың құлағанын (Абай) 
деген сөйлемде мен көрдім – қиыса байланысқан сөздер. Онда 
мен деген бастауыштың І жақтық грамматикалық мағынасымен 
үйлесіп, көрдім деген баяндауыш та бірінші жақтық жіктік 
жалғауда айтылған. Сіздер талапты жеткіншексіздер дегенде, 
баяндауыш сіздер деген бастауыштың ІІ жақтың грамматикалық 
мағынасына жəне -дер деген грамматикалық тұлғасына қарай дəл 
сондай жалғауларда айтылып, қиысып тұр.
М а т а с у – сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы сөздің 
басыңқыға жəне басыңқының бағыныңқыға қарай тұлғаланып бай-
ланысуы. Осылайша бірімен-бірі қарама-қарсы, матаса байланыса-
тын сөздердің бірі ілік жалғауда, екіншісі тəуелдік жалғауда айты-
лады. Мысалы: ағаштың бұтағы, сенің кітабың, колхозшылардың 
табысы. 
М е ң г е р у – сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің басыңқымен 
мағыналық үйлесімі негізінде септік жалғауларының (іліктен 
басқа) бірінде тұрып байланысуы; меңгерілетін сөз барыс, та-
быс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде тұрады да, 
меңгеретін сөз етістік, есім не сол екеуінің ортақтасқан тобы бо-
лады. Осыған қарап, меңгеруді үшке бөлеміз: етістікті меңгеру 
(терезені ашты, жайлауға шықты, қалтасынан алды, жолда 
жатты, түнімен жүрді), есімді меңгеру (қойдан жуас, оқуға 
ықыласты, қалада көп), ортақ меңгеру (айтуға тілім жетпейді, 
сөзін мақұл көрдік, жұртқа күлкі болғанмен, маған күлкі емес).
Қ а б ы с у – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен 
жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысуы. Қабыса байланыса-
тын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын 
жазбайды. Ал бірқатар қабыса байланысатын сөздер сөйлемдегі 
орнын өзгертіп, өздері бағындыратын сөздерінен қашықтап та 
тұрады. Ондай алшақ байланыс жанасуға жатады.


571
Қазіргі қазақ тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет