Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет287/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§13. Түйдекті тіркестер
Сөз тіркестерін дұрыс талдай білу үшін олардан басқа тір-
кестердің түр-тұрпаты қалай болатынын жақсы білу керек. 
Өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына 
енетін тіркестер т ү й д е к т і т і р к е с т е р болады.
Түйдекті тіркестер құрамындағы сөздердің бəрінің не біреуінің 
лексика-семантикалық дербес мағынасы болмайды. Олардың тір-
кесуінен қосымша грамматикалық мағына пайда болмайды. Мы-
салы, көз тігеді, жаңа бастады, шапқан сайын деген тіркестер 
екі-екі сөзден құралған. Олардың құрамындағы жеке сөздердің, 
бөлек алғанда, белгілі мағыналары бар, бірақ олардың тобын жа-
зып, əр сөзді сөйлемнің жеке мүшесі деп қарауға болмайды.
Ерлік жолдасының нұрлы жүзіне күлімсіреп көз тігеді. Пеш-
тегі отын лаулап жана бастады. Қаракер шапқан сайын үдейді.
Бұл сөйлемдердегі көз тігеді – идиомалық тіркес, баянда-
уыш, ол күлімсіреп дегенмен бір сөз тіркесінің құрамында ай-
тылып тұр: жана бастады – күрделі етістікті тіркес, баян-
дауыш, онымен лаулап деген сөз тіркескен, шапқан сайын
күрделі есімді тіркес, ол үдейді етістігімен тіркесіп, пысықтауыш-
тық қатынаста айтылған. 


566
Қазіргі қазақ тілі
Осылардай л е к с и к а - г р а м м а т и к а л ы қ т о п б о л ы п , с ө з 
т і р к е с і н і ң б і р с ы ң а р ы қ ы з м е т і н д е ж ұ м с а л а т ы н т і р -
к е с т і т ү й д е к т і т і р к е с дейміз.
Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысы, 
негізінде, мынандай болады:
1 . К ү р д е л і е т і с т і к т е р т о б ы . Қазақ тілінде басқа түркі 
тілдеріндегідей, етістіктердің бірнешеуі топтанып, бір күрделі 
мүше болатыны белгілі: оқып жатыр, оқып келе жатыр, келе бер, 
келе беретін болады, көріп отыр, көріп отыра бер.
Осылар сияқты, бір түйдекті топ болатын күрделі етістіктердің 
бірі негізгі, екіншісі (не басқалары) оған көмекші болады да, сол 
түйдегімен олар сөз тіркесінің бір ғана сыңары болады (Алматы-
да оқып жатыр, алыстан көріп отыр). Мұндай түйдекті тіркес 
құрамындағы етістіктер өзара көсемше, кейде есімше тұлғалар 
арқылы байланысады. 
2. Е с і м м е н к ө м е к ш і е т і с т і к т е р т о б ы . Жұмыс істеу, 
уəде беру, мақұл көру, қонақ болу, құлақ салу, қол қою, жол 
жүру сияқты тіркестер де сол түйдегімен бір-бір сөйлем мүшесі 
қызметінде айтылып, сөз тіркесінің бір-бір сыңары болып тұрады: 
бізге қонақ болдыайтқанымды мақұл көрді.
3. Қ о с а р л ы е с і м д е р т о б ы . Қосарланып айтылатын бірін-
бірі, біріне-бірі, өзімен-өзі, күннен-күнге, жылдан-жылға, қолдан-
қолға, табыстан-табысқа сияқты тіркестер де бау-бақша, ыдыс-
аяқ, құрт-құмырсқа сияқты қос сөздер де түйдекті тіркес тобына 
енеді. Мысалдар:
«Айтайын, айтпайын» деген екі сөз бірін-бірі жеңе алмай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет