§25. Матаса байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары
Сөйлеуші бір затты не өзіне, не өзгеге, не басқа затқа меншік-
теп айтқысы келгенде, меншіктелген сөзге -нікі, -дікі, -тікі
жұрнағын жалғап, Мына ат менікі. Мына сағат сенікі. Мына жер
мемлекеттікі деген сияқты сөйлемдер құрайды. Сонда жоғарғы
жұрнақтар жалғанған сөздерге одан бұрын айтылған заттар
меншіктеліп тұрады да, ол екеуінің арасында меншіктілік қатынас
туады.
Сондай-ақ, зат пен заттың меншіктілік басқа табиғи қатынасын
білдіру үшін меншіктеуші сөздерге ілік, меншіктелуші сөздерге
591
Қазіргі қазақ тілі
тəуелдік жалғаулары жалғанып та айтылады: менің атым, сенің
атың, оның аты. Əрине, бұл екі тіркестің меншіктілік мағынасы
біріне-бірі жақын болғанмен, грамматикалық қызметі бір емес, ат
колхоздікі – предикаттық меншік те, колхоздың аты – атрибуттық
меншік. Оның үстіне ілік, тəуелдік жалғаулары арқылы айтылатын
меншіктілік қатынас тəуелдеулі бір сөзбен де айтылады: атым,
атың, аты, көйлегім, көйлегің, көйлегі.
Матаса байланысатын изафеттік тіркестің екінші сыңары зат
есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады:
теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің
айтқаным, сенің өзің.
Бұлар – анықтауыштық қатынастағы есімдер тобы. Жалпы
алғанда, есім сөздердің бəрі де мұндай тіркестің екінші сыңары
бола береді. Тіпті грамматикалық тұлғада «өзгерілмейтін»
сөздер деп аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матаса
байланысқан сөз тіркесінің екінші сыңары бола береді: еріншектің
ертеңі бітпес.
Грамматикаларда жіктеу есімдіктері мұндай тіркестің екінші
сыңары болмайды деген ереже айтылады. Негізінде, ол дұрыс
болғанымен, олардың да кейде тəуелденіп айтылуын кездестіреміз:
Үйде отырған біреу сырттағы тықырды естіп:
- Бұл кім? – дегенде, оған:
- Мен – деген жауап болса, үйдегі кісі:
- Менің кім? – деп сұрауы мүмкін. Осындайда мен, сен, біз, сіз
деген жіктеу есімдіктері тəуелденіп айтылатыны болмаса, басқа
жағдайда изафеттік тіркестің екінші сыңары ретінде жұмсалмайды.
Негізінде зат есімдер матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші
тəуелдеулі сыңары болып көбірек кездеседі. Соның өзінде олардың
анықтайтын сөздерімен мағыналық қатынасы əртүрлі болады:
З а т е с і м тəуелденіп, ілік жалғаулы сөзбен матаса байла-
нысқанда, меншіктілік (тəндік) жəне табиғи қатынасты білдіреді:
менің жолдасым, үйдің есігі, қазанның қақпағы, ағаштың жа-
пырағы.
С ы н е с і м изафеттік тіркестің екінші сыңары болғанда, мы-
надай мағынада айтылады:
а) субстантивтенген зат есім орнында тəндік мағынада жұм-
салады: менің тентегім (менің балам д.м.), колхоздың шұбары
(колхоздың шұбар аты д.м.);
592
Қазіргі қазақ тілі
ə) сын есімнің таңдаулы шырай мағынасында: Бұл – таудың
биігі, Ақмоншақ– аттың жүйрігі.
С а н е с і м изафеттік тіркестің екінші сыңары болып, ілік
жалғаулы зат есіммен, сан есіммен матаса байланысқанда, бүтіннің
бөлшегі ретінде жұмсалады: балалардың бесеуі, оқушылардың
екеуі, мамырдың он бесі, төрттің бірі, онның жартыcы
1
.
Е с і м ш е л е р жоғарғыдай тіркесте тəндік қатынаста əрі заттық,
қимылдық сапа мағынасында жұмсалады: менің айтқаным, сенің
жазғаның, оның көрген-білгені, сенің айтарың, оның айтар-айт-
пасы.
Меншіктілік (тəндік) ұғымның мендік, сендік не бөгделік болу-
ына сəйкестеніп, тəуелдік жалғаулы сөздер үш жақта жұмсалады.
1-жақ (менің) сағатым, (біздің) сағатымыз.
2-жақ (сенің) сағатың, (сіздің) сағатыңыз.
3-жақ (оның) сағаты.
Тəуелдік жалғаудағы сөздер кейде жекеше, кейде көпше
тұлғада жұмсалады. Оның негізгі ережелері мынаған тіреледі:
меншіктелуші зат бір затқа меншіктелгенде, тəуелдік жалғауы же-
кеше түрдегі зат есімге жалғанып, ілік жалғауындағы сөз де жеке-
ше қалыпта тұрады:
Менің атым. Кітаптың мұқабасы.
Сенің атың. Үйдің есігі.
Оның аты. Бригадирдің жұмысы.
Ал бір зат көп затқа меншіктелгенде, меншіктеулі зат көптік
жəне ілік жалғауда болады:
Студенттердің жиналысы.
Жапырақтардың сыбдыры.
Тракторлардың дүрілі.
Кейде көп зат көп затқа меншіктелуі мүмкін. Ондайда ілік
жалғауындағы сөздер де, тəуелдеулі сөздер де көптік жалғауда
тұрады:
Біздің жұмыстарымыз.
Сендердің жұмыстарың.
1
Сан есімнен құралған изафеттік тіркес кісінің жас мөлшерін білдіруде бір санды
үстемелеу мағынасында жұмсалады. Раушан отыздың бесіне келді. Ол биыл
жетпістің үшіне шықты.
593
Қазіргі қазақ тілі
Сіздердің жұмыстарыңыз.
Олардың жұмыстары.
Кейде көп зат бір затқа меншіктелуі мүмкін. Ондайда ілік
жалғауындағы сөз жекеше, тəуелдік жалғауы жалғанған сөз көпше
түрде болады:
Менің жолдастарым.
Сенің жолдастарың.
Оның жолдастары.
Əрі көптік, əрі тəуелдік жалғауларда айтылатын зат есімдер
кейде жеке зат есебінде жұмсалуы мүмкін. Ондайда көптік жалғау
меншіктелген сөздің көптігін білдіреді. Мысалы, Бір дүкенде
кітап сатып тұрған екі не одан да көп кісіге қарап: Дүкендеріңізде
есеп кітабы бар ма? дегенде, көптік жалғау дүкеннің көптігін
көрсетпейді, өзінен бұрын айтылуға тиісті ілік жалғауындағы
сөздің көптігін білдіреді. Не болмаса бір баласы бар ерлі-зайыпты
кісілерге: Балаларыңыз аман ба? десек, онда да -лар жалғауы
балалардың көптігін көрсетпей, оның тəуелденіп тұрған сөзінің
(əке-шешенің) көп (екеу) екенін білдіреді. Оны мына мысалдардан
анық көруге болады: Балтабек жиырма алтыда. Балғабай жи-
ырма төртте. Кенжетай жиырма екіде. Əкелері Тұяқбай ерте
өлген, шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы 45-тегі кісі
(С.Мұқанов).
Əшейінде алдар, арттар, соңдар, естер болып көптік жал-
ғауда айтылмайтын сөздердің алдарыңдағы, арттарыңдағы,
соңдарыңдағы, естеріңнен дегендей көптік тұлғада айтылуы да
олардың, жоғарғыдай, көпке тəн екенімен байланысты.
Біз, сіз деген есімдіктерге меншіктелетін заттардың тəуелдік
жалғаулары бұл есімдіктердің мағыналарына сəйкестене І жақта
о р т а қ , ІІ жақта с ы п а й ы тұлғада болады.
Біздің табысымыз.
Сіздің табысыңыз.
Сонымен, матаса байланысқан сөз тіркесіндегі екінші сөз-
дің тəуелдік жалғауының қайсысында тұруы оның жақтық
мағынасымен байланысты. Солай болғандықтан, тəуелдеулі сөз-
дің анықтауышын өзгертіп, оның орнына жақтық мағынасы
өзгеше басқа сөз қойсақ, анықталатын сөздің тəуелдік жалғауы да
өзгереді:
594
Қазіргі қазақ тілі
Менің табысым, біздің табысымыз.
Сенің табысың, сіздің табысыңыз.
Оның табысы.
Бірақ тəуелдік жалғауларынан ілік септіктегі анықтауыштар-
дың қай сөз екені белгілі болатындықтан, соңғылар кейде сөй-
лемде ерекше айтылмайды. Бұл жағынан жіктік жалғаудағы
баяндауыштың бастауышын түсіріп айтудың орайы қалай болса,
тəуелдеулі сөздердің анықтауышының түсіріліп айтылуы да со-
лай: егер ілік жалғауындағы сөзге ой екпіні түспесе, оның қай сөз
екені тəуелдік жалғауынан белгілі болатындықтан, ол сөз ерек-
ше айтылмайды. Мысалы: менің жолдасым – жолдасым; сенің
сұрағыңа жауап – сұрағыңа жауап.
Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады: матаса бай-
ланысқан сөз тіркесінің мағыналық та, грамматикалық та орта-
лығы – оның екінші сыңары. Оның синтаксистік қызметі бірінші
сыңардан басым: ол тіркестегі сөздердің бірінші сыңары ерекше
айтылмаған күнде, тіркескен сөздер тобының да орнына жұм-
салады.
Негізгі ереже бойынша, бір сөйлемде ілік жалғаулы сөз бол-
са, сол сөйлемде онымен тіркескен тəуелдеулі сөз болады (жəне
керісінше)
1
, бірақ ілік жалғаулы сөз айтылмауы мүмкін.
Біздің еліміз – еліміз; сенің жолдасың – жолдасың.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі бар сөйлемдер:
Абай ең əуелі əкесіне бармай, Күңкенің үйіне кірді. Оның
Достарыңызбен бөлісу: |