Талғат сайрамбаев


§22. Үстеулер қатысқан есімді тіркестер



Pdf көрінісі
бет300/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

§22. Үстеулер қатысқан есімді тіркестер
Үстеулер – өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың 
қимылдық сапасын айқындайтын сөздер. Солай болатындықтан, 
олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің 
құрамында жиі қолданылады (§26). Үстеулердің есім сөздермен 
тіркесуі де кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына 
қарағанда, мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан 
есім жəне бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса 
байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлаудаенді көңілді
қазір жасбиыл жетідебүгін барертең жоқ.
Бірақ бұлар – мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі 
негізінде жасалған бүгін келеді, енді айтады, қазір барамын 
сияқты сөз тіркестері емес, арқауы бос тіркестер. Олай дейтін 


585
Қазіргі қазақ тілі
себебіміз – мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың 
тіркесу қабілеті айқын болғандықтан жəне мағыналық байланы-
сы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны 
керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім 
баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.
Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік 
қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар:
Қасен қазір колхозшы (С.Көбеев). Біз де бүгін вахтадамыз 
(Х.Ерғалиев). Ұлпа биыл жетіде (Б.Майлин). Бозбаламын мен 
де енді (Жамбыл). Елсіздегі қарақшылар түнде бейқам, күндіз 
сақ (Ғ.Мұстафин). Шыңғыстың осы қара желі өзге уақыттың 
бəрінде жақсы болғанмен, дəл күздігүні жайсыз-ақ (М.Əуезов). 
Қазір_жалғызбын_ғой'>Қазір жалғызбын ғойкөріп отырсыз (Ғ.Мұстафин).
Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана 
қатысты болғандықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен 
жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі 
(Ғ.Мұстафин). Сəрсеннің қазір екі немересі бар (С.Көбеев). Бүгін 
онда біртүрлі сергектік, сезімділік бар (М.Əуезов). Жомартта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет