587
Қазіргі қазақ тілі
Темірбектің інісі;
Темірбектің інісінің пальтосы;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесі;
Темірбектің інісінің пальтосының түймесінің жібі;
Сенің жолдасың;
Сенің жолдасыңның сөзі;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысы;
Сенің жолдасыңның сөзінің қорытындысының жалғасы.
Бұл матаса байланысқан бір тізбекті тіркестің (Темірбектің
інісі, інісінің пальтосы...) соңғы сөзі одан бұрын тұрған сөзбен
матаса байланысып, ол басқа сөздермен тағы сондай синтаксистік
байланысқа еніп, 3-4 сатылы топ жасалған. Ол топтың бірінші
жəне соңғы сөзінен басқалары да анықталушы əрі анықтауыш бо-
лып, бəрі жиналып, өзара матаса байланысқан синтаксистік шумақ
құрып тұрады.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін өзара матастырып
тұратын грамматикалық тұлғалар – ілік, тəуелдік жалғаулары.
Сонда ондай сөз тіркестерінің бірінші сыңары ілік жалғауында ай-
тылады да, екінші сыңары тəуелдік жалғауда болады. Тек
біз, сіз
деген екі сын есім ілік жалғауда жұмсалғанда, онымен тіркесетін
сөзі жалғаусыз да айтылады:
біздің бала, біздің ауыл, сіздің бала,
сіздің ауыл.
Достарыңызбен бөлісу: