134
Күрделі сөз тіркестері
Тəу елдiк жалғаулы басыңқы қызметтегi сөздер қолданылуына
қарай дара, күрделі түрде де жұмсала бередi. Əcipe се, олардың
күрделi формаларының iштей өзiндiк ерек шелiктерi де бар. Əдетте
тəуелдiк жалғаулы толық
мағыналы сөздер делiнгенмен, ондай
сөздер де басқа сөз дермен мағыналық бiрлiкте келiп, сол тобы-
мен бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсала алатын дəрежеге ие бола-
ды. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, матаса байланысқан
сөз тiркестерiнiң күрделену процесi
тек зат есiмнен болған
сыңарларында ғана кездесетiн сияқты. Мұның өзi анықтауыш
қызметте жұмсалатын сөздердiң тек затқа қатыстығын көpceтсe
керек. Сын eciм, сан eciм, кей есiмдiктер мен есiмшелер, түптеп
келгенде, анық тауыш қызметiнде жұмсалатын сөздер. Сол сөз
таптары заттану процесiнде ендi басқа сөз таптарымен түйдектi
тiркесте жұмсалмайды.
Басыңқы сыңаларының күрделенуiнiң төмендегiдей тəсiлдерi
бар:
а) Тəуелдiк жалғауының III жағындағы зат eciм мен зат eciм
арқылы күрделенедi. Мысалы,
Закuраның еңбек жолы да қы-
зықты («Лениншіл жас»). Гүрсiлдеген
машuналардың тeмip дөң-
гелектерi сартылдап, жүгiрiп айналып зы рылдайды (С. Сарғас-
қаев).
Қарағанды Мемлекеттiк университе тiнiң фuлологuя фа-
культетi жылдағы дəстүр бойынша
биыл да өзiнiң кезектi
«филология апталығын» өткiздi («Қазақстан əйелдері»).
ə) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eсiм мен сын eciм-
нің келуi арқылы жасалады. Мысалы, Шатқал дың түбiне күн
сəулесi түспейдi, тек
тал түсте ғана жар тастардың
жоғарғы
кeмepi күн нұрына бөленiп, соның селбескен сəулесiнен аяқ aс-
тындaғы жолды байқауға бо лады (С. Айни). Бұл мақалаларды
республиканың
твор честволық қaуымы, газеттiң
барлық оқу-
шылары дұрыс түсiнiп, жылы қабылдайды («Қазақ əдебиеті»).
б) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен сан eciм,
есiмдiктердiң тipкecyi арқылы жасалады. Мы салы, Жеңешем
«тасташы сол құрғырды»
деп қолымнан альбомның бiр томын
жұлып алды (Ш. Мұртаза). Бұл кезде Бөжейдiң өз үйiнiң
қapa
сұр бəйбiшесi шаршысын шорт байлаған (М. Əуезов).
Райкомның
бiрiншi секретары КПСС-қa мүшелiкке алынатын кандидаттар-
ды түгел шақырған екен (Ж. Тілеков).
135
Күрделі сөз тіркестері
в) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен есiмшенiң
тipкecyi арқылы жасалады:
Ата-анасының берген жерiне разы
болмай, кiмнiң қызы бетiмен сүйгенiне кетiп жатыр? (С. Көбеев).
Тасқынның құлаш ұрған толқыны жағаны əлдеқайда
серпiп тас-
таған сияқты (М. Ғабдуллин).
г) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы қос сөздi зат есiмдер
арқылы тiркеседi. Мысалы: Ауылдан жаңа ғана келген дос, та-
ныс түгiл,
қаланың ықпыл-жықпылын бiле бермейтiндердiң өзi
қаншама. Мынадай үлкен аста аты озған
елдің атақ-абыройы
алысқа кeтepi сөзсiз, – дедi екiншi би («Жалын»).
Кейде тəуелдiк жалғаулы сөздер зат есiмнен ғана келмей,
күрделi етiстiктерден де басыңқы қызметте жұм сала бередi.
Мысалы, Осылай керiciп тұрғанда
адамның өлin те қалуы мүм-
кін! – зығыры қайнаған Вера Павловнаның даусы ащылау шық-
ты (З. Шүкіров). Аз үнсiздiктен кейiн Сұлтан: – Япыр-ай, Самұ-
раттың да
қолға түсnей тұрғанын қайтерсiң... – деп тықыршы-
ды (Т. Ахтанов).
Сонымен, матаса байланысқан
сөз тipкeстepiнің бағыныңқы
жəне басыңқы сыңарлары əртүрлi сөз таптарынан бола отырып,
олардың құрамдары дара да, күрделi түрде де жұмсала бередi. Он-
дай күрделендiруде əрбiр сөз табының өзiндiк қызметi барлығы
байқалып отыр. Сонда матасудың бағыныңқы сыңарлары дара
немесе күрделi түрде келiп, үнемі анықтауыштық қызметте ғана
жұмсалады да, басыңқы сыңары peтінe қарай бас тауыш,
толық-
тауыш, кейде анықтауыш қызметiнде де жұмсала бередi.
Достарыңызбен бөлісу: