Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет61/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Күрделі сөз тіркестері
Осы сөйлемдерде мынадай объектiге алынатын сөз тipкec-
тepi бар: 
1. орыс совет əдебиетiнің өкiлi 
2. Желдiбайдың көзі 
3. 44 тұрғынының тізімі 
4. орта мектеnтің оныншы класы
5. о кiсiнің қылт eтyi 
6. корnустың eкi-үш жылдағы дəрігері
Осылардың iшiнен таза матаса байланысқандарын алсақ, тө-
мендегiдей болып шығады. 
1. əдeбиетiнiң өкiлi 
2. Желдібайдың көзi 
3. тұрғынының тiзiмi 
4. мектеnтің класы
5. кісінің қылт етуі
6корпустың дəрігері
дегендер – былайша алсақ, жеке сөз тipкecтepi. Бipaқ дəл тұрған 
қалпында мағынасы жағынан да, синтаксистiк байланысы жағы-
нан да сөз тipкeстepi дəрежесiне жете алмай тұрған сияқты. 
Солардың не басыңқы, не бағыныңқы сыңарларының əрқайсы-
сында бөлiнбес бiр элемeнттepi жетicпейтiндiгi бiлiнiп-ақ тұрады. 
Сонда əдебиeтiнің, байдың, тұрғынының, мeктenтің, кіciнің 
iлiк жалғаулы зат есiмдерi мұндай сөз тiркестерiнiң анықтауышы 
қызметiнде жұмсалып тұpғaнымен, сол қалпын да басыңқы сы-
ңарларының тиянақты бағыныңқысы дə режесiне көтерiле ал-
майды. 
Oсы сияқты құбылыс тек матаса байланысқан сөз тiркесте-
рiнде ғана емес, сөйлем мүшесi қызметiнде де айқын байқалады. 
Сондықтан да сөйлем мүшелерiнiң барлығын да құрылысына 
қарай дара жəне күрделi деп бөлгенде, олардың мағыналық бiр-
лiгi негiзге алынатындығы сияқты, сөз тipкecтepiнің əрбiр сыңары 
да дара жəне күрделi болады. Соның бiрi матасудың қай сыңары 
болмасын сол дəрежеге ие. Miнe, осы мəселе əр авторда бi рен-
сарандап қана айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу объeктici 
болған емес. 
Матаса байланысқан сөз тiркестерiнiң əрбiр сыңарының жа-
салуына қарай оларды бағыныңқы сыңардың күрделi түpi, басың-


130
Күрделі сөз тіркестері
қы сыңардың күрделi, кейде екi сыңа рының да күрделi түpi деп 
қарастыру керек сияқты. 
Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсілі.
І. а) Бағыныңқы сыңары зат eciмдi матасу. Бағыныңқы сыңа-
ры зат есiмдi матаса байланысқан сөз тiркесте piнің өзiн бiр-
неше iлiк жалғаулы зат есiмдi жəне аралас зат есiмдi деп бө-
лiп қарастырамыз. Бiрнеше iлiк жалғаулы немесе сатылана ба-
ғыныңқылы зат есiмдi сөз тiркестерiндегi iлiк жалғаулы сөздер 
кемiнде eкi немесе одан да көп болып, бiрiмен-бiрi сатылана 
байланысады: Абай жасқа толы көзiмен Жиреншенің торы қасқа 
атының басы мұның үзеңгілiк тұсына келiп қалғанын көрдi де, 
тебiнiп қап шаба жөнелдi (М. Əуезов). Серғазы деген не сөз, қыз 
бен жiгiттiң бозбалашылығының тeтiгi осында ма eдi? – деп 
Сəрсенбай да ереуiлдедi (С. Көбеев).
Ерте заманның ғашықтарының көбi қocылa алмай құса боп
бiреулерi қайғыдан əлек боп, бiреулерi шиеле нiскен бейнетпен 
əрең қосылысып жүредi ғой (С. Мұқанов). Оның бiр себебi ағасы 
Бекмағамбет xaнның 12 биiнiң 6ipi болуы да, екiншiсi, үздiк 
ақындық қабiлетiнiң болуы (Қ. Жұмаділов). Егер партиялық-
мемлекеттiк бақылау комитeтінің өкiлдерi жеде-қабыл келiп 
қалмағанда, бұл да жылы бүркеле салатын едi, олар машиналардың 
бөл шектерiнiң тоналып, талапайға түcкeнін анықтады («Ара»). 
Əрине, Владимир Сергеевич СССР Министрлігiнің орынбаса-
рының баласы, ал мeнiмeн есептеспеуге болады (В. Анишкина).
ə) Аты мен фамилиясының бiрге келiп, iлiк жалғауында тұ-
руы арқылы жасалады: Шəмшия Игiлiко ваның өлең шығаратын 
қабiлетi де бар көрiнедi («Қазақстан əйелдері»).
б) Адам aты мен iлiк жалғаулы сөздiң қабысуы арқылы жа-
салады. Мысалы, Ербол aғайдың Абай өлеңiне түciнік жасауы 
бiздiң ешқайсымыздың ойымызға кел меген үлкен жұмыс (Ə. Нұр-
шайықов). Бұл – Сардара өмipiнің сырлы шежiресi (Газеттен).
в) Күрделi мекеме аттарының iлiк жалғауда келуi арқылы жа-
салады. Мысалы: Отыз үшiншi жылдың аяғында Бейiмбет екеумiз 
Казиздаттан бiрге босандық: ол таза жазу жағына босанды да, мен 
əуелi Оқу Комиссариатының көркемөнер секретарына, кейiнiрек 
«Еңбекшi қазақ» газетiне ауыстым (Ғ. Мүсірепов). Моңғол Халық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет