Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.Тіл дыбыстары қандай ұстанымдарға негізделіп жіктеледі? 
2. Дауысты дыбыстар қалай топтастырылады? 
3.Дауыссыз дыбыстар қалай топтастырылады? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 
4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- 
Алматы, 2011 
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 
8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 
-Алматы,1985
 
№10 тақырып: Буын, оның түрлері. Екпін және оның түрлері 

Жоспары: 
1. Буын және оның түрлері 
2. Буынның жасалуы 
3. Екпін және оның түрлері 
Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны 
біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема 
болса, сонша буын болады деген сөз. 
Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе 
грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. 
Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып 
келеді. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан 
басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның 
айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондай-ақ тіліміздегі байырғы 
сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен 
еліктеуіш сөздер.Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан әр 
түрлі болып келеді. 
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Екпін түскен буын басқа 
буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады.
1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы 
ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп 
аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота 
тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне 
негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады. 


Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б. 
тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың 
созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады. 
Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе 
беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс 
тіліндегі екпін – жылжымалы екпін. 
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір 
буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға 
телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде, 
соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Кейбір 
сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен 
дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай 
сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан 
жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз 
тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің 
алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. 
Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол 
қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге 
ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар 
көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта 
ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер 
өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі 
айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа 
сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп 
аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет