Екпіннің бұл түріне ие тілдер : қытай, корей, дүнген, япон, серб, литва және т.б.
тілдер. 3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың
созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.
Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе
беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс
тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.
Кейбір тілдерде, мысалы, түркі
тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір
буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға
телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдерінде,
соның ішінде
қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Кейбір
сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес екпінмен
дараланбай, айтылу жағынан жігі жымдасып, бір ғана екпінге ие болды. Мұндай
сөз тіркестеріндегі екпін фразалық екпін деп аталады. Акцентуациялық жақтан
жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз
тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді
өз бойына тартқан сөздің
алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады.
Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол
қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы
сыңарлары дербес екпінге
ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр. Тіл – тілде энклитикаға айналатындар
көбінесе көмекші сөздер. Мысалы, сен ғана, үйге дейін, алыс па, жақын ба, айта
ғой тәрізді тіркестердің құрамындағы ғана, дейін, па, ба, ғой деген шылау сөздер
өз алдына дербес екпінге ие бола алмай, энклитикаға айналған. Сөйлемдегі
айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол
сөз басқа
сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін
логикалық екпін деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: