Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет136/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

2.7. Батыс Қазақстан облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
үлесі. Экономиканы әртараптандыру. 
Облыс аумағы 151,3 мың шаршы км немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылдың басында халық саны 646,7 мың 
адамды немесе Қазақстан халқы санының 3,6%–ын, 2019 жылдың басында - 652,3 мың адамды, 
ал 2020 жылдың басында - 656,8 мың адамды құрады. Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 
2017 жылы 2337,5 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,1%, 2018 жылы – 2790,7 
млрд. теңге, 2019 жылы — 2946,4 млрд. теңге, НКИ – 98,5%. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 
2017 жылы – 3628,4 мың теңгені құрады (орташа республикалық деңгейге 120,4% құрайды), 
2018 жылы - 4295,8 мың теңге. 2019 жылы — 4501,2 мың теңге. 
Өңірдің ЖӨӨ құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнеркәсіп алады (47,5%). Облыста 
2019 жылы 359 өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістері болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 
2015 жылы 1302,1 млрд.теңгеден 2017 жылы 1914,5 млрд. теңгеге дейін және 2018 жылы 
2480,5-ке дейін ұлғайды, ал 2019 жылы 2392,1 млрд. теңгені құрады. 
Өнеркәсіптік өнімнің негізгі көлемі тау-кен өндіру саласына (88,4%) келеді, олар: 
"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.", "Жайықмұнай"ЖШС сияқты мұнай-газ 
секторының ірі кәсіпорындары. Облыстың көмірсутегі шикізатының негізгі үлесі Қарашығанақ 
және Чинарев мұнай-газ конденсаты кен орнында шоғырланған.
2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 107,1 
млрд.теңгеден 161,7 млрд. теңгеге дейін, 2018 жылы 202,3 млрд. теңгеге дейін және 2019 жылы 
215,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2017 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға 
шаққанда 17,6 мың АҚШ долларын немесе 2016 жылғы деңгейге қарағанда 104,8%-ды құрады. 
2019 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі бір адамға 20,9 мың АҚШ долларын құрады. 
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары тап болатын негізгі проблемаларға өндірістің 
тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі (60 - 70%), 
тапсырыстардың жеткіліксіздігі (кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырыстарға, сондай-ақ өз 
кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының конъюнктурасына байланысты мұнай-газ 
компанияларынан тапсырыстардың тәуелділігі) және айналым қаражатының жеткіліксіздігі, 
қолда бар өндірістік қуаттардың толық пайдаланылмауы, өңдеуші сектордың жекелеген 
салаларының бәсекеге қабілеттілігінің жеткіліксіз дәрежесі, өнімнің маусымдық болуы 


225 
(мысалы, құрылыс индустриясы) және Ресей нарығы тарапынан жоғары баға бәсекелестігі 
жатады.
139
Облыс экономикасындағы ауыл шаруашылығының елеусіз үлесіне қарамастан 
(шамамен 3.5%), аграрлық секторда облыстың барлық жұмыспен қамтылған халқының 
шамамен 23%-ы жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде облыс халқының жартысы тұрады және 
тиімді аграрлық секторды дамыту ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Облыстың табиғи-климаттық жағдайы мал шаруашылығын дамытуға, әсіресе оңтүстік 
өңірлер үшін қолайлы болып табылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылдың 1 
қазанына 198 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркелген, оның ішінде 150 селекциялық-
асыл тұқымды АШК, 29 мал бордақылау АШК, 13 өсімдік шаруашылығы АШК және 6 сүт 
бағытындағы АШК. 2019 жылы облыста өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша 2 және 
селекциялық-асылдандыру жұмысы бойынша 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. 
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің 
сыртқа шығуы 140 млрд.теңгені құрады, 2018 жылы 139,9 млрд. теңгеге дейін сәл қысқарды 
және мал шаруашылығының басым дамуымен 2019 жылы 171,1 млрд. теңгеге дейін өсті (63%). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет