224
табиғи қаумалының базасында өңірлік саябақ құру және Жамбыл ауданының және Т.Рысқұлов
атындағы ауданның таулы аумақтарында жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумал
құру жоспарлануда.
Облыстағы тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны 3441 құрайды. Оның
ішінде: 741 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілді. 30 Республикалық маңызы
бар ескерткіш, 711 жергілікті маңызы бар ескерткіш, оның 5-і ЮНЕСКО-ның "дүниежүзілік
мәдени мұра" ескерткіштерінің тізіміне енгізілді және халықаралық маңызы бар мәртебеге ие.
Қалған 2700 тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын ала тізіміне енгізілді. Облыста 46
туристік фирма, 1 киіз үй қалашығы, 11 балаларды сауықтыру лагері, 15 демалыс аймағы,
бірегей емдік балшықтары мен минералды сулары бар 6 санаториялық-курорттық сауықтыру
орны жұмыс істейді.
2019 жылы Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай өңірдің мәдени-
рухани өмірінің маңызды нысандары пайдалануға берілді, "Тектұрмас" бірегей тарихи-
этнографиялық кешені, "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешені жаңа нысандармен
толықтырылды. Бұл кешенге халқымыздың этнологиялық және этнографиялық құндылықтарын
насихаттайтын «Руханият және тарихнама" орталығы, өңірдің бай мұрасы жинақталған
облыстық өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері галереясы кірді.
Достарыңызбен бөлісу: