223
5,6% құрайды. Тараз қаласында полигонда көмілген ҚТҚ көлемі полигонның жобалық
қуатынан асып түсті, яғни толып қалды.
2019 жылы Жамбыл облысының аумағында рұқсат етілмеген 346 қоқыс тастайтын орын
анықталды, оның 186 нысаны кәдеге жаратылды.
Жамбыл облысы бойынша 2 аудан орталықтарында (Жуалы, Сарысу) және Тараз
қаласында 11 аудан мен қалалардан бөлек жинау үшін 646 контейнер орнатылды.
ӨКМ операторының қолдауымен облыста пайдаланылған құрамында сынап бар
шамдарды, батареяларды жинау үшін 106 контейнер орнатылды.
Сондай-ақ, Тараз қаласында "Промотход Қазақстан" ЖШС ӨКМ операторымен бірлесіп
электронды және электр қалдықтарына арналған 5 контейнер орнатылды.
Тараз қаласында пластмасса, полиэтилен қалдықтарын, электронды аспаптарды, мотор
майларын, шыны мен қағазды кәдеге жарату бойынша 15 ұйым жұмыс істейді («Шахристан»
ЖШС, «Хастал оглы П.М.», «Бақыт», «Танибеков», «Санит МиБ», «ХалалСауда» жеке
кәсіпкерлері,
«KazEcology»,
«Дажан»,
«ТаразТехноРесурс»,
«ТаразТеплоСтрой»,
«ЮгШинТорг», «ТаразПолиХим», «Әйнек-Тара», «ЭкоТехСтандарт», «АклерГруппЮг»).
2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының
мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ekojer" ЖШС өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды
қайта өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. 2019 жылдың соңына алдын ала бизнес-жоспар
әзірленді, облыс әкімдігінің қаулысымен 20 га жер телімі бөлінді. Сондай-ақ, электр желілерін
қосу схемаларын әзірлеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру мерзімі -
2018-2020 жж. Қазіргі уақытта "TorgTreid KZ" компаниясымен қоқыс өңдеу зауытын салу
бойынша бірлескен қызмет туралы келісімге қол жеткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: