Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет145/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   243
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету. 
Облыстың энергетикалық кешеніне белгіленген қуаты 2411 МВт электр және 4957 Гкал 
жылу энергиясы 9 жылу электр станциясы, 3 ірі Электржелілік компания кіреді. 2017 жылы 
өндірілген энергия көлемі 6,7%-ға артты. (12573 млн. кВт*сағ.) 3 жылда электр энергиясын 
өндіру 12,4% артты. Қалыптасқан энергия тапшылығы Қазақстан БЭЖ электр станцияларынан 
"Солтүстік-Оңтүстік" ӘЖ-220/500кВ транзиттік желілері бойынша ағындар есебінен жабылып 
қалды.
2019 жылы энергетикалық жабдықты қайта жаңарту мен жаңғыртуға 9,8 млрд теңге 
бөлінді, 5,5 мың км электр желілері мен 931 қосалқы станция жөнделді және жаңғыртылды. 
2018 жылы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғыларынан 4,4 млн. 
кВт*сағ. электр энергиясы өндірілді. Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі 
жаңартылатын энергия көздерінің өндірілген электр энергиясының үлесі 2018 жылы 0% 
(жоспарға 100%) құрады.


235 
2018 жылы Қарағанды облысы Саран қаласында қуаты 100 МВт күн электр станциясының 
құрылысы аяқталды. 
Сондай-ақ, Абай ауданы, Курминское ауылында қуаты 0,5 МВт биогаз қондырғысы 2018 
жылы пайдалануға берілді. 
Ақтоғай ауданының Гүлшат кентінде қуаты 40 МВт және Ақадыр кентінде қуаты 50 МВт 
күн электр станцияларын 2019 жылы іске қосылды. Бұдан басқа, Кеңгір кентінде 
"Казгринэнерджи" ЖШС қуаттылығы 9 МВт биоэлектрлік станцияның құрылысын бастады.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2074,4 км, электр желілері - 27884,4 км құрайды. 
Белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ дейін 63 қазандық жұмыс істейді. Облыстағы көп қабатты 
тұрғын үйлердің жылу есептегіш құралдарымен қамтамасыз етілуі 2018 жылы 86,8%-ды 
құрады. Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Шахтинск, Балқаш және Абай қалаларында көп 
қабатты үйлер 100% есепке алу құралдарымен жабдықталған.
2019 жылы 4,7 км магистральдық жылу желілері жаңғыртылды. Олардың жалпы 
ұзындығы 1619 км, оның ішінде тозығы жеткені — 262,4 км (16,2%), ауыстыруды қажет ететіні 
— 250,1 км (15,4%). 
8 аккредиттелген газбен жабдықтау ұйымы облыс тұтынушыларын тұрмыстық 
қажеттіліктер үшін ГРҚ, тұрмыстық баллондар және автомобиль газ құю станциялары (АГҚС) 
арқылы сұйытылған мұнай газымен газбен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сұйытылған газдың 
негізгі жеткізушілері Павлодар, Жаңажол мұнай-химия зауыттары және "Теңізшевройл"ЖШС 
болып табылады. Жалпы газ өткізу 2017 жылы - 64 мың тоннаны құрады. 2018 жылы 4 АГЗС 
орнатылды, АГЗС жалпы саны 141 бірлікті құрайды (2016 жылмен салыстырғанда 15%, 2016 
жылы - 123 АГЗС, 2017 жылы - 137 АГЗС).
2019 жылы "Сарыарқа" магистралды газ құбырының 1061 км-нің 765 км-і Қарағанды 
облысының аумағынан өтті. Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында газ тарату 
желілерінің құрылысы жүргізілуде. Алғашқы 300 үй орталық газбен жабдықтауға қосылған. 1 
млн адам, 100 елді мекен немесе 68 мың үй, 200 қазандық, 700 кәсіпорын орталықтандырылған 
газбен қамтамасыз етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет