Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет203/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету. 
Электрмен жабдықтау. 2017 жылы ОҚО-да электр энергиясын өндіру 613,3 млн.квт 
құрады. ал 2018 жылы Түркістан облысы бойынша-393,7 млн.квт.сағ. Электр энергиясын 
өндіруді мынадай электр станциялары жүзеге асырады: "Шардара ГЭС" АҚ," 3-Энергоорталық 


288 
" АҚ, "Кентау Сервис" МКК, "Келесгидрострой" ЖШС, "Ақсуэнерго" ЖШС, "Салем 
консалтинг" ЖШС. Аталған станциялардың жиынтық қуаты 268,74 МВт құрайды.
Түркістан облысы электр энергиясы бойынша тапшы аймақ болып табылады. Қысқы 
кезеңде облыс бойынша электр энергиясын орташа тәуліктік тұтыну 250 - 300 МВт, жаз 
мезгілінде 200 - 250 МВт құрайды. Тапшылық солтүстік өңірлер мен Жамбыл МАЭС-тен 
электр энергиясын тасымалдаумен өтеледі. Негізгі тұтынушы тұрғындар болып табылады, олар 
барлық тұтынылған энергияның 70% құрайды. 
Облыс бойынша электр энергиясын бөлумен "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС аймақтық 
электржелілік компаниясы айналысады. Облыс бойынша әуе желілерінің жалпы ұзындығы 23 
245,5 км, аралық станциялар мен трансформаторлар саны 5743 бірлікті құрайды. "Оңтүстік 
Жарық Транзит" ЖШС теңгерімінде жалпы есеп бойынша жабдықтардың 90,8% электр 
желілері (21120,5 км электр желілері және 4909 бірлік) бар. Электр желілері мен жабдықтардың 
тозуы 1.10.2018 жылы 56% құрайды. Облыс бойынша 844 елді мекеннің 828 - і 
орталықтандырылған электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген, ал 16 елді мекен 
мал шаруашылығы отарлары болып табылады және автономды электр станцияларынан (бензин, 
дизель, жел электр станциялары) электрлендірілген. 
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС саласында өз қаражаты есебінен АСКУЭ жүйесін енгізу 
бойынша жұмыстар жүргізуде, осы бағытта 01.01.2018 ж. 19648 электр энергиясын есептегіш 
орнатылды (жеке тұлғалар-18777 есептегіш, заңды тұлғалар тұлға - 531 есептегіш, техникалық 
есеп - 340 есептегіш).
2017 жылы 4,9 млрд.теңгеге 704,5 км электр желілері жаңғыртылды, 128 жабдықты 
қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде электр желілерінің тозуы 55%-дан 53%-ға 
дейін төмендеді. 59 электрмен жабдықтау нысанын салу үшін бюджеттен - 13,9 млрд. теңге 
бөлінді. Нәтижесінде, сапасыз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етілген елді мекендердің 
саны 198-ден 113-ке дейін төмендеді. 85 елді мекен немесе 87100 тұрғын сапалы электр 
энергиясымен қамтамасыз етілді. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 11 есе жоғары 
(2016 ж.-9 елді мекен).
2017 жылы Бозарық 220/110/10 кВ және 110 кВ "Астана-1,2" қосалқы станцияларында 
құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы олар пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 430 мың 
адам және әлеуметтік нысандар мен орта, шағын бизнес нысандары сапалы электрмен 
қамтамасыз етіледі. Сондай–ақ, 2017 жылы Сарыағаш ауданында 220/100/10 кВ "Қызыләскер" 
қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары басталды (жалпы сметалық құны-7 млрд.761 млн. 
теңге). Нәтижесінде Мақтарал ауданының (305 мың адам), Шардара ауданының (80 мың адам) 
және Сарыағаш ауданының (320 мың адам) тұтынушыларында электр энергиясына тапшылық 
жойылады, осы аудандардың экономикасы сапалы және тұрақты электр энергиясымен 
қамтамасыз етіледі.
2018 жылы 22электрмен жабдықтау нысандарының құрылысына 3,9 млрд теңге 
қарастырылған: РБ - 2,3 млрд теңге, ОБ - 1,6 млрд теңге.
Мақтарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш және Шардара аудандарының тұтынушыларын 
үздіксіз, сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді толық шешу мақсатында, 2018 жылы 
Сарыағаш ауданында 220/110/10 кВ "Қызыләскер" қосалқы станциясының құрылысы басталды. 
Құрылыстың аяқталу мерзімі 2020 ж. Жалпы сметалық құны 7,76 млрд. теңгені құрайды. 
Сондай-ақ, 220 кВ (Түркістан қ. және Ордабасы ауданында) 2 подстанция және 110 кВ 
(Шымкент қ.) 3 подстанция салу жоспарлануда. (Түркістан қ. және Жетісай ауданы).
Облыста жаңартылатын энергия көздерінен жалпы қуаты 6,8 МВт болатын 4 шағын су 
электр станциясы, жалпы қуаты 3,2 МВт болатын 4 күн электр станциясы жұмыс істейді. Қытай 
мен Түркиядан келген инвесторлар күн электр станцияларын салуға (150, 200 және 250 Мвт) 
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сарыағаш ауданында "ЕсоРгоТесһ-Astana" ЖШС қуаты 20 МВт күн электр станциясының 
құрылысын бастады. Сондай-ақ, Мақтарал ауданындағы "Компания KaDi" ЖШС қуаты 4,8 
МВт күн электр станциясының құрылысын бастады. 2019 жылдан бастап Сарыағаш ауданында 
қуаты 2,5 МВт шағын су электр станциясының құрылысы жоспарлануда. Сондай-ақ, Арыс 


289 
қаласының Мақтарал, Төлеби, Отырар аудандарында қуаты 5, 10, 35 және 14 МВт болатын 4 
күн электр станциясының құрылысы жоспарлануда.
Құрылысы 2019 жылы басталған қуаты 4,8 МВт "Жетісай "СЭС" күн электр станциясы 
Жетісай ауданында 2020 жылдың сәуір айында іске қосылды. Электр станциясын салу кезінде 
бекітілген бұрышпен таң-кеш бір осьті трекерлік жүйені қолдана отырып, бифункционалды екі 
жақты панельдер пайдаланылды. Трекерлік жүйені пайдалану электр станциясын өндіруді 30%-
ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылыс алаңы 10,7 га бұрынғы қоқыс полигоны 
аумағында жүзеге асырылды. 
Облыс үлкен жел энергетикалық әлеуетке ие. БҰҰДБ халықаралық ұйымының деректері 
бойынша Бәйдібек, Түлкібас және Қазығұрт аудандарының аумағында қуаты 250 МВт жел 
электр станциясын салу мүмкіндігі бар. 
Бәйдібек ауданында Жүзімдік елді мекенінде "Ветропарк-Жүзімдік" ЖШС компаниясы 
қуаты 40 МВт жел электр станциясын салу үшін техникалық-экономикалық негіздеме 
әзірлеуде, 100 метр діңгек орнатылды. Жобаны жүзеге асыру 2019 - 2022 жылдарға 
жоспарланып отыр. 
2017 жылы Орталық Азияда қуаты 0,5 МВт кәріз қалдықтарын қайта өңдеу бойынша 
бірінші "Биогаз қондырғысы" іске қосылды. Төлеби, Сарыағаш аудандарында қуаты 7,5 МВт 
болатын 3 шағын су электр станциясының құрылысы жүргізілуде. 2019 жылы іске қосу 
жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет