287
01.01.2018 жылғы жағдай бойынша облыстың жер қоры 11725,8 мың га құрады. Ауыл
шаруашылығы алқаптарының көлемі 10123,0 мың га құрады.
2018 жылы Түркістан облысының жер қоры 11609,5 мың га құрады. Облыстың жер
қорының жалпы құрылымында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4068,4 мың га, елді
мекендердің жерлері – 777,4 мың га,
өнеркәсіп, көлік және байланыс, қорғаныс және өзге де
ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер – 98,1 мың га,
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың жерлері – 430,9 мың га, орман қорының жерлері – 3010,3 мың га, су қорының
жерлері – 133,2 мың га, босалқы жерлер – 3091,0 мың га құрайды.
2017 жылы аудан, қала әкімдіктері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу
жұмыстарын жүргізді: жалпы алаңы 68,3 мың га 281 жер пайдаланушылардың
пайдаланылмайтын жер учаскелері анықталды (оның ішінде егістік - 18,4 мың га,
жайылым-
49,9 мың га).
Оның ішінде қазіргі уақытта пайдаланылмай жатқан жер учаскелері бойынша келесі
шаралар қабылданды:
- жер пайдаланушылардың 15,4 мың га жер телімі (оның ішінде егістік 1,0 мың га,
жайылым 14,4 мың га) мемлекеттік меншікке қайтарылды;
- 1,5 мың га алаңда әрекет ету шараларын қабылдағаннан кейін (оның ішінде 0,4 мың га
егістік, 1,1 мың га жайылым) жер пайдаланушылар өз жерлерін пайдалануға кірісті;
- 0,3 мың га жер иесіз мүлік ретінде тіркелді;
- мемлекеттік меншікке қайтаруға жататын 3,4 мың га жер материалдары (оның ішінде
егістік 1,4 мың га, жайылым 2,0 мың га) аудандардың, қалалардың жер қатынастары жөніндегі
уәкілетті
органдарының жұмысында;
Аудандар мен қалалар бөлінісінде қалған қалған 47,7 мың га (оның ішінде егістік 15,4 мың
га, жайылым 32,3 мың га) жер учаскелері бойынша облыстық жер инспекциясы басқармасы
заңнамаға сәйкес жерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша іс-шаралар жүргізуде.
2014 - 2016 жылдары жайылымдарды суландыру үшін шаруашылықтармен 343 бірлік
шахталық құдықтар мен ұңғымалар салынды және қалпына келтірілді. 2017 жылы 263
құдық
(ұңғыма) салынды немесе жоспарда 235%.
Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге
асыру, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын кеңейту бойынша жұмыс
жалғасуда. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында мал азықтық дақылдар алқаптарын
ұлғайтуға артықшылық беріледі. Мәселен, 2012 жылдан бастап 2017
жылға дейінгі кезеңде
ОҚО бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 84,1 мың гектарға артып,
826,3 мың га құрады (елдің жалпы егіс алқабының көлеміндегі аймақтың үлесі – 3,7% құрайды),
бұл 2013 жылмен салыстырғанда 52 мың га артық.
Түркістан облысы бойынша тамшылатып суару жалпы алаңы 64,4 мың га
(республикадағы облыстың үлесі – 72%) енгізілді. Жылыжайлар жалпы алаңы 1286 га
(республикадағы облыстың үлесі – 80%) салынған. Ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндіру
көлемін арттыру үшін соңғы жылдары өсімдік шаруашылығында қазіргі заманғы ылғал және
ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу және прогрессивті инновациялық әдістерге көшу
бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2017 жылы 100,9 мың га
алқапта терең қопсыту
енгізілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,0 мың га артық және 2012 жылмен салыстырғанда
52 есе артық (2012 ж. – 2 мың га).
2017 жылы 3022 бірлік шағын бордақылау алаңдары құрылды, барлығы 12,2 мың бірлік,
793 бірлік отбасылық сүт фермалары, барлығы 2,7 мың бірлік, 18
бірлік отбасылық құс
фермалары, барлығы 38 бірлік. Сондай-ақ 655 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып,
жұмыс істеді. Мембағдарламаға сәйкес 75 кооператив құру көзделді, нақты 158 бірлік құрылды
немесе көрсеткіш 2,1 есеге асыра орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: