Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет205/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергия үнемдеу. "Шардара СЭС" АҚ, "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС энергетикалық 
ұйымдарында орнатылған негізгі техникалық жабдықтарды өз инвестициялары есебінен 
жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бюджеттік ұйымдарда энергия үнемдеу бойынша өткізілген іс-шаралар:
- барлық бюджеттік мекемелерде қыздыру шамдары энерготиімді шамдарға (85,7%) 
ауыстыру;
- 46002,9 шаршы метрде пластикалық терезе орнатылды, 48 жылу қазандығы 
жаңғыртылды; 
- жалпы 39682-ден астам көше жарығының 21449-нан астам лампасы энергия үнемдейтін 
шамдарға ауыстырылды (54%);
- құрамында сынап бар шамдар кәдеге жаратылады және оның орнына жарықдиодты 
энергия үнемдейтін шамдар орнатылады;
- Түркістан облысында 544 көпқабатты үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз 
етілген, оның ішінде 300 көп қабатты үйлерде жылу есептегіштері орнатылған, ал қалған 244 
үйге нормативтік талаптарға сай емес;
- "Өңірлерді дамыту 2020 жылға дейін" бағдарламасының тұрғын үй қорын жаңғырту 
тетігіне сәйкес ЖАО 2014 жылдан бастап алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілетін 
үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге трансферттер бөледі. 2011 - 2017 жылдар кезеңінде 
облыс бойынша 1739,0 млн. теңгеге 157 көп қабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізілді.
Облыстың аудандары мен қалаларында энергия үнемдеуді насихаттай отырып, 34 баннер 
ілінген.
2018 жылы 117 мекеменің 108-і энергоаудит өткізді. 
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету 
Сумен жабдықтау. Облыста елді мекендерді сумен жабдықтауды 45 кәсіпорын және 
олардың бөлімшелері жүзеге асырады. Жалпы алғанда Түркістан облысы мен Шымкент 
қаласының аумағында 117 гидротехникалық құрылыстар бар. Оның ішінде су қоймасы – 34, 
тоған – 10, плотина – 1, бөгет-1, су торабы-15 және 56 басқа ГТҚ.
Облыстың су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2018 жылы 9840,5 км, 2019 жылы — 
12056,2 км, оның ішінде 2206,9 км ауыстыруды қажет етеді (Статистика комитетінің деректері). 
2017 - 2020 жылдарға арналған облыстың елді мекендерін орталықтандырылған сумен 
жабдықтау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Жоспарға сәйкес, 2020 жылы 84 елді 
мекенді (198429 халықты) ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Нәтижесінде 2021 жылға 
дейін 702 м.к. (83,2%) немесе облыстың 2769360 халқы (95,5%) орталықтандырылған ауыз 
сумен қамтамасыз етілетін болады.
Бұдан басқа, Өзбекстан Республикасының келісімі бойынша Өгем өзенінің суын 
пайдалану туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтарал 
аудандарының 700 мың тұрғыны бар ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қажетті құжаттар 
әзірленуде.
Су тарту. 2017 жылы ОҚО бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 927,4 км құрады 
(Статистика комитетінің деректері бойынша). Барлық желілер қаланың коммуналдық 
меншігінде болды. Қаланың жалпы ұзындығы 525,3 км кәріз жүйелері "Су ресурстары - 
Маркетинг" ЖШС сенімгерлік басқаруға берілді.
Түркістан облысы бойынша 2018 жылы кәріз желілерінің ұзындығы 424,5 км құрайды, 
оның ішінде Арыс қаласында – 17,8 км, Кентау қаласында – 109,0 км, Түркістан қаласында – 
127,5 км, Мақтарал ауданында – 9,5 км, Сайрам ауданында – 28,2 км, Созақта – 61,4 км, 
Төлебиде – 36,0 км, Шардара ауданында – 31,5 км (Статистика комитетінің деректері). Барлық 
желілер қалалар мен аудандардың коммуналдық меншігінде. 


291 
2019 жылы су тарту желілерінің жалпы ұзындығы 424,5 км, оның 141,8 км ауыстыруды 
қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет