Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет210/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

қорғалатын табиғи аумақ бар, оның ішінде: 
1. "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттік табиғи қорығының "Қаратау" 1 "Сайрам-Өгем" 
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және 5 мемлекеттік табиғи қаумалы
2. Ақсу-Жабағлы қорығы – Түркістан облысының Түлкібас және Төлеби әкімшілік 
аудандарының және Жамбыл облысының Жуалы ауданының шегінде-Талас Алатауы 
жотасында теңіз деңгейінен 1300 - ден 4238 м биіктікте. Қорықтың аумағы 132 мың гектарды 
құрайды. Қазақстан мен Орта Азияның ең көне қорығы 1926 ж. ұйымдастырылды.
3. Қаратау қорығы – Кентау қаласындағы кеңсесі бар Сырдария Қаратау жотасында. 
Қорықтың ең жоғарғы нүктесі-теңіз деңгейінен 2176 м Бессаз тауы. 2004 жылы құрылған.
4. Сайрам-Өгем ұлттық паркі-Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай жоталарында. 
Теңіз деңгейінен 1700 - 4200 м биіктікте орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 149 мың 
гектарды құрайды. 2006 жылы құрылған.
Облыста 1278 тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан. Облыс аумағында Қожа 
Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб, Домалақ Ана кесенесі, сондай-ақ ежелгі "Отырар", 
"Сауран" қалашығы және басқа да тарихи нысандар орналасқан. Сондай-ақ, өңірде "Ақсу-
Жабағылы", "Сайрам-су", "Өгем", "Бүргелік", "Қырыққыз" шатқалдары бар.
Сондай-ақ, облыста бірегей табиғи (Бәйдібек ауданындағы Ақ мешіт үңгірі, Түлкібас 
ауданындағы жылауық үңгір, Төле би ауданындағы бұрғылық шатқалы және т.б.) және тарихи 
объектілер (Қазығұрт ауданындағы "Кеме қалған" ескерткіші, Бәйдібек ауданындағы Бәйдібек 
ата және Домалақ ана кесенелері, Қарашаш ана және Ибрагим ата және т. б.) орналасқан. 
Облыстағы туристік қызметтің басым бағыттары:
- Түркістан қаласы мен Отырар ауданындағы орталықтары бар қажылық туризмі;

"Ақсу-Жабағылы" 
және 
"Қаратау" 
қорықтарында, 
"Сайрам-Өгем" 
МҰТП 
орталықтарымен экологиялық туризм;
- Сарыағаш ауданындағы орталығы бар емдеу-сауықтыру туризмі.
2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста туризм нысандарынан 44 шипажай, 17 
қонақ үй, 224 орналастыру орны, сондай-ақ 104 туристік ұйым тіркелген.


294 
2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қызметтердің ең көп көлемі Шымкент 
қаласында (72,2%), Түлкібас ауданында (8,45%), Түркістан қаласында (4,3%) және Төлеби 
ауданында (4,17%) көрсетілген.
2018 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер 
саны 24876 адамды құрап, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (23322 адам) 10,7%-ға 
өсті, оның ішінде ішкі туризм бойынша туристер саны 23948 адам, өткен жылмен 
салыстырғанда өсім (21901 адам) 9,3%-ды құрайды.
2018 жылдың І тоқсанында орналастыру орындарының мәліметтері бойынша Түркістан 
қаласына келушілер саны 5648 адамды, Отырар ауданына 7166 адамды, Сарыағаш ауданына 
2733 адамды құрады.
Облыста әр ауданның 1, 2 және 3 күндік туристік бағыттары әзірленді. Туристік 
маршруттарға тарихи және табиғи бағыттағы 84 нысан енгізілді. Өз кезегінде туристерге
жайлылық жасау мақсатында қажетті инфрақұрылым (кірме жолдар, көрсеткіштер, 
дәретханалар) бойынша талдау жүргізілді.
"TURKISTAN" АЭА-ның қызметі туризм инфрақұрылымын белсенді дамытуға, сондай-ақ 
Түркістан қаласының жаңа әкімшілік орталығының инфрақұрылымын жедел дамытуға 
бағытталған. 
АЭА басым бағыттары:
- туризм;
- құрылыс;
- өнеркәсіп.
Осы бағыттарды дамыту қажеттілігі Түркістан қаласын халықаралық туризм және тәуап 
ету объектісі ретінде ілгерілетудің, жаңа әкімшілік орталықты дамытудың, сондай-ақ құрылыс 
материалдары өндірісін дамытудың бірінші кезектегі міндеттеріне негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет