Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет213/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергия үнемдеу саласындағы саясаттың орындалуын тиімді мониторингілеу және 
бақылау үшін Астана әкімдігі 2017 - 2020 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия 
тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын әзірледі, онда елорданың барлық салалық 
секторларының іс-шаралары біріктірілді. Кешенді жоспар бәсекеге қабілеттілікті, қаржылық 
тұрақтылықты, энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті арттыруды, сондай-ақ энергия 
үнемдеу әлеуетін іске асыру және энергетикалық ресурстарды жаңғырту, технологиялық 
дамыту және ұтымды және экологиялық жауапты пайдалануға көшу негізінде энергетикалық 
тиімділікті арттыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының өсуін қамтамасыз 
етуге бағытталған. Аталған жоспар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша 
189 іс-шарадан тұрады, оның ішінде 80%-дан астамы іске асырылған. Қалған 20%-ы 2020 
жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, 2019 жылы "Нұр-Сұлтан қаласында ақылды көше жарығын құру және 
пайдалану" мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асыруды бастау жоспарлануда. 
30877 дана көше жарығының шамдарын, 329 дана жарықтандыруды басқару шкафтарын 
ауыстыру, сондай-ақ диспетчерлік пункт құру жоспарлануда. Жобаны іске асыру электр 
энергиясының шығындарын жылына 30%-ға немесе 300 млн. теңгеге қысқартуға мүмкіндік 
береді. 
"Сиеменс" (Германия), "WavysCoLtd" (Корея), Planora (Финляндия) үш халықаралық 
компаниясымен меморандумға қол қойылды. Осы жобаларды іске асыру жылу және электрмен 
жабдықтау шығынын 20 - 25%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін "Өркен қала" ЖШС 63 көп пәтерлі тұрғын үйді 
жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Бұл жалпы энергия тұтынудан 15 - 20% жылу энергиясын 
үнемдеуге мүмкіндік береді. 
2017 жылы БҰҰДБ мен Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласының әкімдігі арасында 
ынтымақтастық туралы тағы бір меморандумға қол қойылды, оған сәйкес Астана қаласы 
"Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар" жобасы бойынша пилоттық қалалардың 
бірі болып табылады. 2018 жылы БҰҰДБ қызметкерлері қалалық тұрғын үй кварталын 
жаңғыртудың Мастер-жоспарын әзірледі (Пушкин - Жұбанов көшесінің бұрышында 5 ғимарат). 
Жыл сайынғы жылу энергиясын үнемдеу кварталдың барлық бес ғимараты бойынша - 2238 
Гкал құрайды. Жыл сайынғы электр энергиясын тұрғын кварталдың барлық бес ғимаратынан 
үнемдеу - 9318 кВт . Ақша қаражатын үнемдеу немесе энергияны үнемдеу - бұрынғы деңгейден 
40% астам. Қала атмосферасына парниктік газдардың (СО
2
) алдын ала эмиссиясы, тоқсан 
бойынша жылына 1000 тоннаны құрайды.


297 
2018 жылы жеке инвестор есебінен "Траспортауэрс" ғимаратында жарықдиодты 
жарықтандыруды ауыстыру бойынша бірінші энергосервистік МЖӘ жобасын іске асыру 
аяқталды. Жарықтандыруды ауыстыруға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы 34,5 млн. 
теңгені құрады. Осы жобаны іске асыру барысында осы ғимараттың барлық қабаттарында 
жарықдиодты шамдарға ауыстырылды, қозғалыс датчиктері орнатылды. Жобаны іске асыру 
нәтижесінде осы ғимараттың энергия тұтынуын бастапқы (жобадан кейінгі) деңгейден 52% 
мөлшерінде үнемдеуге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша энергия үшін төлемді 
күтілетін үнемдеу шамамен 10 млн. теңгені құрайды.
Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар нәтижесінде 2017 жылы жұмсалған электр 
энергиясының бір киловатт-сағатқа есептегенде 1681,5 мың теңге ЖӨӨ өндірілді, бұл 2013 
жылға қарағанда 1,3 есе артық. 
Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландырудың 5 
негізгі бағыты анықталды. Бұл-қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды, білім беруді, ТКШ мен 
көлікті цифрландыру

Астана әкімдігі IDC халықаралық агенттігімен (International Data Corporation) бірлесіп 
білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ, қауіпсіздік және Мемлекеттік қызметтерді 
цифрландыру мәселелері бойынша әкімдіктің салалық басқармаларына талдау жүргізді. 
Жоғарыда көрсетілген жұмыстың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы IDC 
компаниясының нұсқасы бойынша "ақылды" қалалардың халықаралық рейтингісіне енгізілді. 
Нұр-Сұлтан қаласын зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның астанасы 2.48 баллға жетті. 
Әлемнің кейбір қалаларының жетілу деңгейі: 4.4-Сингапур, 3.7-Нью-Йорк, 3.6-Дубай, 3.2-
Барселона, 3.1-Мәскеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет