Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды өңдеу. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша түзілген ТҚҚ көлемі 328,4 мың тоннаны
құрады, оның 6% қайта өңделген. Халықтың 55% ҚТҚ жинау және шығару қызметтерімен
қамтылды. 2018 жылы 137,6 мың тонна ҚТҚ түзілген, оның 7,17%-ы қайта өңделген, 2019
жылдың қорытындысы бойынша жинақталған қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемі
128081 тоннаны құрады, оның 14390 тоннасы немесе 11,2%-ы қайта өңдеуге жіберілді..
2018 жылы халықтың 81,24%-ы ҚТҚ жинау және шығару қызметтерімен қамтылған. 159
ҚТҚ орналастыру объектісінің 144-і экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға
сәйкес келеді, бұл 91% құрайды.
2020 жылдың басында облыс аумағында 163 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны
орнатылды, оның 150 қоршаған ортаға эмиссияға-92% рұқсат алды.
Түркістан облысы бойынша ҚТҚ шығаруды 38 қоқыс шығарушы ұйым жүзеге асырады.
Түркістан қаласында ЖК Акметов халықтан, полигон аумағынан түрлі полиэтилен және
қағаз-картон қалдықтарын жинаумен және өңдеумен, сондай-ақ пластикалық құбырларға
арналған шикізат өндірумен айналысады.
Кентау қ. ҚТҚ полигоны аумағында ЖК Бөлегенов қалдықтарды (пластмасса, пластик,
полиэтилен қалдықтары және қағаз өнімдері) сұрыптап, кейіннен "Статус Эверест" ЖШС
зауытына қайта өңдеуге, пластикалық түйіршіктер, яғни пластикалық құбырлар үшін шикізат
өндіреді.
Облыс бойынша сұрыптаумен және бөлек жинаумен келесі кәсіпорындар айналысады:
ЖК "Шаяхмет Сәрсен", ЖК "Сахова", ЖК "Дарбишев", ЖШС "Автомелиос", ЖШС "Big Dale",
ЖШС " KazPromVtor", ЖШС "Ынтымақ-2016", ЖШС "Қызмет-Сервис-Арыс", ЖШС
"FERRUM-LTD", ЖШС "DELTA-MET".
Ордабасы ауданының Бадам индустриялық аймағында ҚТҚ кәдеге жарату мақсатында
"GREEN Technology Industries" ЖШС түйіршіктер мен штапельді талшықтар өндіретін ПЭТ
қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы жүргізілуде. 2018 жылдың шілде айында ПЭТ
қалдықтарын жуу, ұсақтау және ПЭТ-қалдықтардан Флекс өндіру зауытының I кезеңі іске
қосылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1515 тонна ПЭТ Флекс шығарылды. 2020
жылғы маусымда зауыттың II кезеңін іске қосу жоспарлануда (полиэтилен қалдықтарынан
химиялық талшықтар (синтепон, холлофайбер) өндірісі). "GREEN Technology Industries" ЖШС
(ПЭТ-флекс) өндірген өнім Қазақстанда тұтынылады және Ресейге экспортталады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласының әкімдігі инвесторлармен Түркістан қаласындағы
ҚТҚ полигоны аумағында сұрыптау желісін орнату жөнінде келіссөздер жүргізуде.
2019 жылы Түркістан облысының аумағында рұқсатсыз қоқыс тастайтын 303 нысан
анықталды, Түркістан облысының Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық
инспекторлары рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою туралы 250 хат жіберді, оның
29 нысаны кәдеге жаратылды. ЭГТРМ Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп қоқыс
тастайтын жерлерді жою кестесін бекітті. Заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары
жалғасуда.