300
жүзеге асырылады. Жылына 5 мың тоннаға дейін пластмасса қалдықтарын және 2 мың тоннаға
дейін қағазды өңдеу жүзеге асырылуда. Өңделмеген қалдықтар полигонға көмуге жіберіледі.
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келетін 1
ҚТҚ полигоны бар. 5 сәуір 2018 ж. Полигон 2 ұяшықтан тұрады. 2018 жылы тамыз айында 2006
жылдан бастап пайдаланылатын бірінші ұяшық консервацияланған. Қазіргі уақытта "ҚТҚ
көмуге арналған қалалық полигонның 1-ші ұяшығын қалпына келтіру" ТЭН әзірленді. 2018
жылдың сәуір айында полигонның екінші ұяшығы пайдалануға берілді (алаңы - 15,1 га, қуаты -
2 млн. тонна), ол "Эко-полигон Нұр-Сұлтан" ЖШС сенімгерлік басқаруына 15 жыл мерзімге
берілді.
Қаланың қоқыс өңдеу саласын жаңғырту аясында 2018 жылдан бастап қалдықтарды бөлек
жинау және өңдеу жобасы іске асырылуда. Құрамында сынап бар шамдарды кәдеге жарату
үшін қаланың барлық аудандарында шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер
орнатылды. Көмірмен жылытылатын жеке тұрғын үй аудандарында күл жинауға арналған
контейнерлер орнатылған. Қалдықтарды шығаруды қала 5 жылдық келісімшарт жасасқан жеке
ұйым жүзеге асырады. Нұр -Сұлтан қаласының аумағында қайталама шикізатты (полиэтилен,
пластик, картон, шыны ыдыс, макулатура, алюминий банкалары) қабылдайтын 30 пункт (2018
жылы-16 пункт) орнатылды.
2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚР Энергетика министрлігімен және
"Оператор РОП" ЖШС-мен келісе отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды,
ҚТҚ органикалық (тамақ) фракциясын қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру
жөніндегі пилоттық жобаны Нұр-Сұлтан қаласында іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті.
Жол картасы пункттерін орындау үшін "Clean City NC" ЖШС-і 25 дана қоқыс таситын және
Нұр-Сұлтан қаласының ("Алматы" ауданы – 1935, "Байқоңыр" ауданы – 1016, "Есіл" ауданы –
1812, "Сарыарқа" ауданы-1512) контейнерлік алаңдарында орнатылған ҚТҚ бөлек жинау үшін
сары түсті 6275 контейнерді сатып алды.
2019 жылы қала аумағы 24 учаскеге бөлінген, онда 2
815 контейнерлік алаң және 17 мыңнан астам контейнер орналасқан.
"Құрғақ "фракция қуаты жылына 300 мың тонна "KazRecycleService" ЖШС қоқыс өңдеу
кешеніне (сұрыптау, өңдеу және брикеттеу) шығарылады. МПК-да қалдықтар сұрыптауға,
қайта өңдеуге және брикеттеуге жатады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қалдықтарды
өңдеу тереңдігі 15% құрады. Алынатын өнім полимерлі түйіршіктер, полиэтилен флекстер және
эковаттар. 2018 жылы қоқыс өңдеу кешенімен 44,1 мың тонна ҚТҚ сұрыпталды және қайта
өңделді.
Сондай-ақ, жол картасын іске асыру шеңберінде ЭКСПО-2017 Халықаралық
мамандандырылған көрмесінің қатысушысы болып табылатын "Сиктом" қалдықтарды басқару
жөніндегі Француз агенттігінің ұсынымдары бойынша техникалық компост ала отырып, ҚТҚ
органикалық (тамақ) фракциясын қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша технологияны
енгізу жоспарлануда. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша осы инновациялық технологияларды
енгізу қайта өңдеу тереңдігіне 75% дейін мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері қаланың экологиялық жағдайын жақсарту
мақсатында 2019 жылдың басынан 283 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтады және
жойды.
Сондай-ақ, әкімдік "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ ақпараттық жүйелерін талдау негізінде
ғарыштық мониторинг әдісімен рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау бойынша
жұмыстар жүргізуде. 2020 жылдың басында қала бойынша қалдықтарды заңсыз тастайтын 431
орын анықталды, оның ішінде 232 орын жойылды, қалғандары жұмыста. Рұқсат етілмеген
үйінділердің негізгі көлемі құрылыс қалдықтарын құрайтынын атап өту қажет. Қалдықтарды
заңсыз тастайтын жүйелі орындарда 40-тан астам "сергек" бейнебақылау камералары
орнатылды, аралау жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: