303
Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету мақсатында "қоршаған
ортаға
әсерді барынша азайта отырып, ЖЭО-2 жаңғырту" ТЭН әзірлеуге шарт жасалды, онда 4 нұсқа
қарастырылады, оның ішінде:
Қолданыстағы қазандықтарды газға көшіру – 98 млрд. теңге.
Газды тазартатын жабдықты орната отырып, №1-7 ст. қазандықтарын қайта жаңғырту –
159 млрд. теңге.
ГТҚ орнатып және қазандықтарын
қайта жаңғырта отырып, ыстық сумен жабдықтау
үшін ГТҚ-ның құрылысы - 315 млрд. теңге.
ГТҚ негізінде жаңа станция салу – 274 млрд. теңге.
ТЭН әзірлеуді аяқтау – 31.12.2020жыл.
ТЭН әзірлеуді аяқтағаннан кейін ЖЭО-2 газға ауыстыру
бойынша нұсқа анықталатын
болады және соңынан 2022 жылға дейін ЖСҚ әзірленеді.
Алматы қаласындағы экологиялық жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімдігі
ЖЭО-2 толық газға ауыстыру нұсқасын қолдайды.
Достарыңызбен бөлісу: