315
Ресейдің туристік қызметтер нарығында туристік бағыт ретінде қаланың танымалдығын
арттыру үшін 2016 жылдан бастап Ресейдің туристік нарығының 150 мыңнан астам мамандары
тіркелген ресейлік ProfiTravel интернет-платформасымен белсенді жұмыс жүргізілуде.
Алматы қаласының брендін ілгерілету мақсатында әлеуметтік желілерде туристік
брендтің тартымдылығы мен Алматыдағы тіршілік туралы 100-ден астам имидждік
бейнематериалдар мен 3D ашық хаттар түсірілді.
Сонымен қатар, туристерге ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы мен таулы жерлері
бойынша 30 туристік маршрут әзірленді және 19 типтік туристік өнімдер дайындалды.
Әзірленген маршруттар қаланың бірегей сәулет ғимараттарын қамтиды және қала
нарығында ұсынылған этно, эко, балалар мен жасөспірімдер, мәдени, агро, гастрономиялық
және т. б. туризмнің барлық негізгі түрлерін ұсынады.
Сондай-ақ, қала қонақтарына арнап қала картасы, маршруттары бар карточкаларды және
т. б. қамтитын турист пакеті әзірленді.
2019 жылдың қыркүйегінде Қазақ халқының ұлттық бірегейлігін көрсететін кәдесыйлар
жасау мақсатында ҚР 50 қолөнершілерінің қатысуымен Алматы брендімен қолөнер кәдесый
өнімдерінің конкурсы өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: