Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты



Pdf көрінісі
бет234/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету 
165
Мұнда және одан әрі Шымкент қаласын дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасы және 
оны іске асыру жөніндегі 2018 және 2019 жылдарға арналған есептер. 


317 
Электрмен жабдықтау. Сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 
2018 жылы 10 жобаның құрылысы жүргізілді, 6 нысан аяқталды. Нәтижесінде қамту деңгейі 
91,2% құрады.
Электр энергиясының 58,3%-ы қалада "3 - Энергоорталық" АҚ арқылы, ал қалған 41,7%-
ы басқа көздерден өндіріледі немесе сыртқы көздерден тәуелді. Бұл, өз кезегінде, электр 
энергиясын жеткізудің жоғары құнына әсер етеді,яғни тарифтік саясатқа теріс әсер етеді.
Талдау көрсеткендей, қысқы уақытта Шымкент қаласында электр энергиясын 
тұтынудың күнделікті деңгейі 196 МВт/сағатты құрайды. Оның ішінде, халықтың тұтыну 
деңгейі 63,3%, кәсіпорындар - 36,7%. Жазғы кезеңде электр энергиясын тұтыну деңгейі 146 
МВт/сағ құрайды, оның ішінде халықтың тұтыну деңгейі 61,7%, кәсіпорындар – 38,3%. 
Қалада қуаты әртүрлі 36 қосалқы станция бар, олардың ішінде "КЕГОК" балансында - 2 
қосалқы станция, "Оңтүстік Жарық Транзит" балансында - 30 қосалқы станция, жеке иелікте – 4 
қосалқы станция. 
Электр желілерінің ұзындығы - 3914 км, оның ішінде "Оңтүстік Жарық Транзит" 
балансында - 1795,1 км немесе 46%, коммуналдық меншікте - 823,6 км немесе 21%, жеке 
меншікте – 1295,4 км немесе 33%. Электр желілерінің тозу деңгейі - 53,8% немесе 2105,0 км.
Қазіргі уақытта жеке трансформаторлар мен электр жүйелері мемлекеттік стандарттарға 
сәйкес келмейді. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайында апаттық жағдайлар жиілеп
электр энергиясының сапасы төмен. 26 шағын аудан (788,6 мың адам - халықтың 88,3%–ы) 
тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін электр желілерімен, ал қалған 55 шағын аудан 
(107,5 мың адам-халықтың 11,7%-ы) мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін электр 
желілерімен қамтамасыз етілген.
2019 жылы 11 жобаны іске асыру нәтижесінде 6 мыңға жуық тұрғын үй сапалы электр 
энергиясымен қамтамасыз етіледі, қамту деңгейі 92,3%-ға немесе 946 мың адамға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет