Туристік инфрақұрылым Туристердің хабардарлығын арттыру үшін 2019 жылы 2 визит-орталық ашылды. Бүгінгі
таңда қалада туристерді ақпараттандыратын 8 нүкте жұмыс істейді, онда 2019 жылы 32,9
мыңнан астам туристке консультация берілді.
Тау туризмін дамыту мақсатында 2019 жылдың маусым айында ЦСКА базасы ҚР
Қорғаныс министрлігінің балансынан әкімдікке берілді.
2019 жылғы тамызда 15 мыңнан астам адамды қамтитын халықаралық тау-кен іс-шарасы-
AlmatyMountFest өткізілді.
Бұдан басқа, 10 тау жолы абаттандырылды және 1000 км астам тау маршруттары
цифрланды.
ҚР Альпинизм және тауға өрмелеу федерациясымен бірге таудағы белсенді демалысты
ұнататындарға арналған "Алатау соқпақтары" атты жолсілтеме кітабы әзірленді.
Сондай-ақ, жеке инвестор "Проходное" шатқалындағы туристік соқпақ пен "Алма-
Арасан" санаторийінің жанындағы жылу көзін абаттандыруды аяқтады. 4 ай ішінде 6 өтпелі
көпір салынды, 1 саты қалпына келтірілді, бақылау және ворк-аут алаңдары ұйымдастырылды.
Экскурсиялық қызметтерді дамыту үшін 2019 жылы Балуан Шолақ спорт кешенінен "Oi-
QaragaiLesnayaSkazka" және "SkiParkPioneer" КТ-ға дейін автобустар және "Проходное"
шатқалында туристік соқпақтың басталуына дейінгі экспресс маршрут іске қосылды.
Әлеуметтік туризм Әлеуметтік туризмді дамыту мақсатында 2019 жылдың мамыр айында Алматы
қаласындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан және мүгедек 250 балаға экскурсия өткізілді.
Сондай-ақ маусым айында Алматы қаласында және Алматы агломерациясында 100
адамды қамтыған ересек мүгедектер үшін осындай экскурсия өткізілді.
Жоғарыда аталған екі іс-шараның экскурсиялық-танымдық бағдарламасына "Анаға
құрмет" рухани-мәдени орталығы, ананы құрметтеу мұражайы, "Батыр бабалар" мемориалдық
кешені және "Атамекен"тарихи-мәдени кешені кірді. 350 адамға көлік, тамақтану, жедел
жәрдем көлігін алып жүру, гидтер мен еріктілер тартылды.