Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет64/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Экологиялық туризм қазіргі уақытта басым сала болып табылады және экономиканың 
тұрақты дамуына ықпал етеді, алайда экологиялық туризм бойынша ресми статистикалық 
ақпарат жоқ. 
Қазақстанның табиғи әлеуеті ЕҚТА-да экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен 
мүмкіндіктер береді, өйткені урбанизация процестерімен әлі қамтылмаған ландшафтардың 
алуан түрлілігі, бірегейлігі, тартымдылығы бар.
Экологиялық туризмді дамыту үшін ең үлкен әлеуетке мемлекеттік ұлттық табиғи парктер 
ие, олардың негізгі міндеті экологиялық жүйелерді қорғау мен қалпына келтірумен қатар 
ұлттық парктің аумағын және оның қорғау аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік
рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу болып табылады.
Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті туроператорлық қызметке 
лицензиясы болған кезде тікелей ұлттық парк, сондай-ақ туристік қызмет көрсететін жеке және 
заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта 4 сапар орталығы жұмыс істейді: Науырзым, Ақсу-Жабағылы және 
Қорғалжын қорықтары мен «Бурабай» ұлттық паркінде. 
Іле-Алатау, Баянауыл, «Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері 
аса танымал. 
ЕҚТА-да 233 туристік маршруттар мен соқпақтар (159 маршрут және 74 соқпақ) бар, 
оларда тұрақты негізде жайластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі. 
Жайластыру және қайта жаңарту бойынша жұмыс қарау алаңдарын орнату, демалу 
туристеріне арналған шатырлы лагерьлерді, демалу алаңқайларын орналастыру және 
билбордтар, ақпараттық стенділер, туристік маршруттар мен соқпақтардың карта-схемаларын, 
үш (қазақ, орыс және ағылшын) тілдегі көрсеткіштерді, сондай-ақ күркелерді, орындықтарды, 
дәретханаларды және қоқысқа арналған урналарды жаңарту және орнату жөніндегі іс-
шараларды қамтиды. 
ЕҚТА-да экологиялық туризмді дамыту ел азаматтарын табиғатты аялауға экологиялық 
ағартуға әкеп соғады, сондай-ақ жергілікті халықты қызмет көрсету саласындағы жаңа жұмыс
орындарымен қамтамасыз етеді. 
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» 
акционерлік қоғамы мен 3 мемлекеттік ұлттық табиғи парктері - "Көкшетау" МҰТП, Іле 
Алатауы және Шарын МҰТП экологиялық туризмді дамыту бойынша бірлескен қызмет туралы 


123 
шартқа қол қойды.
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту бойынша 
мастер-жоспар әзірленді, мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша жол картасы әзірленді. Іле-
Алатау МҰТП инфрақұрылымын дамытудың Бас жоспарын түзету бойынша жұмыстар 
жүргізілуде. Осыған ұқсас Алматы тау кластері МҰТП-да (Шарын, "Алтын емел", "Көлсай 
көлдері ") экологиялық туризмді дамытудың мастер-жоспарлары әзірленуде.
2017 жылы ЕҚТА (туристердің) келушілердің жалпы саны 1233058 адамды, 2018 жылы-
1234362 адамды құрады. 2019 жылы ЕҚТА-ға 1,5 млн.адам келді. 
Ұлттық парктерде экотуризмді дамытудың негізгі проблемалары орналастыру, қоғамдық 
тамақтану орындарының төмен сапасы және тиісті инфрақұрылымның: жабдықталған 
соқпақтар, ақпараттық орталықтар, жалға беру пункттері, кәдесый дүкендері, қарау 
алаңдарының болмауы болып табылады. 
Қазақстанда Ұлттық парктерді дамытудың америкалық моделін пайдалану туралы шешім 
қабылданды, ол бойынша күрделі құрылысты жүзеге асырмай, соқпақтар бойында глемпингтер, 
кэмпингтер, көру алаңдары, этно-ауылдар, шатырлы лагерлер орналастыра отырып, туристік 
соқпақтар мен бағыттарды дамытуға артықшылық беріледі. Іле-Алатау ұлттық паркінде 
экологиялық туризмді дамытудың шеберлік жоспары әзірленді. Жақын арадағы 4 жылда 
инвестор 12 млрд. теңгеден кем емес қаражат салынып, 1000-ға жуық жұмыс орны құрылатын 
болады. 
Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық 
комиссиясының құрылымына кіретін ұлттық комитеттердің ағымдағы қызметі шеңберінде 
Қазақстан тұрақты негізде Қазақстанның ЕҚТА-ны ЮНЕСКО-ның әртүрлі бағдарламаларына: 
дүниежүзілік табиғи мұра объектілерінің тізіміне, «Адам және биосфера» бағдарламасына 
(МАБ, ЮНЕСКО биосфералық резерваттарының дүниежүзілік желісі) және ЮНЕСКО 
геопарктерінің жаһандық желісі жөніндегі Бағдарламаға енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. 
Қазіргі уақытта ЮНЕСКО–ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде тек екі қазақстандық табиғи нысан 
бар: 1) «Сарыарқа-Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» (2008 ж., Науырзым және 
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтары) және 2) Өзбекстан мен Қырғызстанмен бірлескен 
"Батыс Тянь-Шань" (2016 ж., Ақсу-Жабағылы және Қаратау мемлекеттік табиғи қорықтары мен 
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі). ЮНЕСКО интернет сайтының мәліметтері 
бойынша (http://whc.unesco.org/en/tentativelists/state=kz) ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік табиғи 
мұрасының алдын ала тізімінде мынадай қазақстандық табиғи объектілер бар: Солтүстік Тянь-
Шань (Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі) және Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи 
қорығы және Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. 2019-2020т жж. Дүниежүзілік мұра 
жөніндегі Қазақстан ұлттық комитетінде алдын ала тізімді жаңарту бойынша жұмыстар 
жүргізілуде, олардың нәтижелері 2020 жылдың соңында ЮНЕСКО сайтында ұсынылатын 
болады. 
2011 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының 
Қазақстандық ұлттық комитеті (МАБ) Республикалық маңызы бар қазақстандық ЕҚТА-ны 
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне белсенді түрде ұсынады. Үш 
санаттағы ЕҚТА негізінде (мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк және 
мемлекеттік табиғи резерват) ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттары құрылады. Қазіргі 
уақытта Қазақстанда ЮНЕСКО биосфералық резерватының халықаралық мәртебесіне ие 
Қазақстанның 10 ерекше қорғалатын табиғи аумағы бар: Қорғалжын қорығы (2012), Алакөл 
қорығы (2013), "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты (2014), Қатон-Қарағай мемлекеттік 
ұлттық табиғи паркі (2014), Ақсу-Жабағылы қорығы (2015), Барсакелмес қорығы (2016), 
Қаратау қорығы (2017), Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (2016) 2017), шарын және 
жоңғар ұлттық табиғи парктері (2018). 2017 ж. Қазақстан (Катон-Қарағай БР) мен Ресейден 
(Катун БР) екі ұлттық биосфералық резерват негізінде Азиядағы алғашқы Үлкен Алтай 
трансшекаралық биосфералық резерваты құрылды. 
2019 жылы Қазақстаннан ЮНЕСКО Биосфералық резерваттарының дүниежүзілік 
желісіне тағы екі ЕҚТА - Батыс Алтай және Алматы қорықтарын енгізу туралы өтінім 
берілді (http://www.kazmab.kz). 2020 жылы "Көлсай көлдері" биосфералық резерватына 


124 
Ұлттық өтінім жасау жұмыстары жүргізілуде. 
МАБ Қазақстан ұлттық комитетінің және ОШЖӘК заңнамалық базаны жетілдіру 
жөніндегі ұсыныстары негізінде
2017 жылы ҚР Парламенті ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтар туралы заңға түзетулерді мақұлдады, ол «Биосфералық резерваттар» 9-1-тарауымен 
толықтырылды, олар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеке санаты болып табылмайды 
және қолданыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (МӨЗ, МҰТП және МТР және 
олардың буферлік аймақтары) базасында құрылады. Бұл ЮНЕСКО-ның анықтамасындағы 
биосфералық резерват түсінігіне сәйкес келеді, ол ұлттық заңнамада ұсынылғанға қатысты 
қосымша қорғау мәртебесін көздемейді. 
2018 жылғы наурыздағы жағдай бойынша халықаралық маңызы бар сулы-батпақты 
алқаптарға жатқызылған 10 аумақ бар, оның жалпы ауданы 3281398 га құрайды.
2017 жылы Үкімет Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзетулер енгізді, ол 
белгілі бір ландшафтарға тән құстардың, құстардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі 
төнген түрлерінің, құстардың едәуір жиынтығы мекендейтін жерлерді қорғау мақсатында 
негізгі орнитологиялық аумақтар туралы жаңа баппен толықтырылды, құстардың ұясын немесе 
көші-қон шоғырларын (суда жүзетін құстарды қоса алғанда) қорғау мақсатында негізгі 
орнитологиялық аумақтар туралы жаңа баппен толықтырылды). Бұл аумақтарда шаруашылық 
қызметтің реттелетін режимі белгіленеді. Қазақстанның барлық негізгі орнитологиялық 
аумақтары халықаралық деңгейде КОТ (IBA) ретінде танылды. 2018 жылғы наурыздағы жағдай 
бойынша Қазақстанда жалпы көлемі 15414627 га 127 КОТ болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет