162
Орнықты даму мақсаттары тұжырымдамасына имплементациялаумен қатар,
"жасыл
экономиканың" жалпы терминологиясын нақтылау қажет. Мұндай қажеттілік
Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын әзірлеуге байланысты шұғыл туындап отыр, онда
"жасыл" технологиялар, "жасыл" жобалар, "жасыл" сатып алулар, "жасыл" қаржыландыру"
және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қызметті экономикалық ынталандыру мақсаттары
үшін т.б. сияқты жаңа құқықтық ұғымдарды енгізуге ұсынылатын болады. Яғни, бұл ұғымдар
"жасыл экономиканың"түрлі аспектілерін қолдаудың нақты құқықтық іс-әрекеттері үшін
енгізілуде.
Айқын анықтамалардың болмауына байланысты жаңа жасыл технологиялар трансферті
дамыған, дамушы және кедей мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан үшін жаһандық
теңсіздікті еңсерудің шешілуі әлі қиын мәселе болып табылады.
Жасыл технология туралы білу немесе осындай технологиялардың тізілімін жасау
жеткіліксіз, олар елге келуі қажет. Тұңғыш Президент – Елбасының "Жасыл көпір"
бастамасы дәл осы мәселеге арналды.
Бір кездері Тәуелсіздік қарсаңында Қазақстан Республикасы біздің өсіп келе жатқан
экономикамызға кез келген инвестициялар үшін елеулі жеңілдіктер мен преференциялар берді.
Біздің республикамыздың бүгінгі экономикалық жағдайы осының нәтижесі болып отыр. Қазір
жасыл инвестициялар үшін осындай жеңілдіктер мен преференциялар беру уақыты келді, бұл
үш есе нәтиже береді: экономикада, экологияда және әлеуметтік салада.
Осыған ұқсас және бүкіл әлемде озық елдер өздерінің жаңа жасыл технологияларын
өтеусіз негізде ұсынуға тиіс. Өз кезегінде, дамушы елдер "жасыл" инвестициялар үшін қолайлы
жағдай жасауы тиіс. Барлық серіктес елдер "жасыл технологиялар" бойынша өндірілген "жасыл
тауарлар" үшін еркін нарықтарды ұсынады. Бұл "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының
қысқаша көрінісі, ол қоғамның қазіргі дамуының ең басты проблемасын еңсеруге көмектесуі
тиіс – тек мемлекеттер арасындағы ғана емес, сонымен қатар бір мемлекет ішіндегі азаматтық
қоғамның түрлі секторлары арасындағы, тіпті мемлекеттік органдар арасындағы, ұрпақтар мен
жеке тұлғалар арасындағы ("барлығына қарсы") барлық үдемелі антогонизм. Сондықтан, жасыл
экономиканың басты қағидаттарының бірі әріптестік қағидаты болуы тиіс
("Жасыл көпір
Достарыңызбен бөлісу: