159
қатысушылары үшін жасыл облигацияларды шығару бойынша Climate Bonds Initiate екі күндік
тренинг өтті. Осы іс-шаралардың мақсаты-жасыл облигациялар нарығының белсенді
қатысушылары болуға ниет білдірген немесе қызмет атқаратын мамандар қауымдастығын
дайындау болып табылады.
Сонымен қатар, Орталық жасыл қаржыны дамыту үшін заңнамалық база құру бойынша
жұмыс жүргізуде, атап айтқанда ҚР жаңа экологиялық кодексіне «жасыл жобалар», «жасыл
таксономия», «жасыл қаржыландыру»анықтамаларын енгізу бойынша ұсыныстар енгізілді.
2019 жылдың 1 сәуірінде АХҚО алаңында Қытайдың жасыл қаржы жүйесін әзірлеуші,
Халық Банкі Басқарушысының арнайы кеңесшісі, сондай-ақ Қытайдың жасыл қаржы жөніндегі
комитетінің төрағасы болып табылатын жасыл қаржы жөніндегі ХФСА Кеңесінің мүшесі Д-ром
Ма Джуннің қатысуымен Қазақстан Республикасы үшін жасыл қаржы таксономиясын әзірлеуге
арналған семинар өтті. Оның қатысуымен Қытай мен Моңғолияға арналған жасыл
таксономиялар жасалды.
Жасыл таксономия жасыл қаржыландыруды дамыту үшін негіз болып табылады, ол
экономикалық қызмет түрлері мен іріктеудің техникалық критерийлеріне сәйкес келетін
жобаларды жіктеудің үйлестірілген жүйесі болып табылады.
Жергілікті ерекшелікті ескере отырып, егжей–тегжейлі жіктеу қаржы жүйесінің барлық
қатысушылары, атап айтқанда, жобалардың «жасыл» мазмұны мен дәрежесін айқындау кезінде
инвесторлар мен кредиторлар үшін, сондай-ақ жасыл қаржы ағындарын мониторингілеу мен
ынталандыру үшін қаржылық реттеуіш үшін ортақ және түсінікті тіл болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: