Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


технологияларды іске асыруға жәрдемдесетін, қазіргі уақытта іске асырылатын шаралар



Pdf көрінісі
бет82/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

технологияларды іске асыруға жәрдемдесетін, қазіргі уақытта іске асырылатын шаралар 
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бұл шаралар әзірше жеткіліксіз. Билік қоршаған 
орта саласындағы бірқатар реформалар мен ауқымды жобаларға бастама жасады, бірақ жалпы 
институционалдық орта "жасыл" технологияларды кең ауқымды енгізу үшін жеткіліксіз болып 
қала береді.
121
Институционалдық әлеуетті кеңейтуге және басқаруды жетілдіруге баса назар 
аудару және ресурстар бөлу қажет. Субсидиялар және ынталандырудың басқа да 
құралдары инвесторлар мен жобалардың көптеп қамту, сондай-ақ жаңа "жасыл" жобалар 
үшін неғұрлым автоматтандырылған институционалдық құрылымды қамтамасыз ету үшін 
қайта қарау қажет болуы мүмкін. Үкімет қаржыландырудың қазіргі тетіктерінің сенімділігі 
мен тиімділігін арттыруы және тұрақты өсуге кең ауқымды көшуді бастау үшін 
инвесторларға берілетін жеңілдіктерді түзетуі қажет. Бұған ұлттық экономикалық, 
бюджеттік, салықтық, инвестициялық және экологиялық бағдарламаларды және Қазақстандағы 
бизнес пен жасыл бастамаларды қолдаудың нақты құралдарын жан-жақты реформалау 
жолымен қол жеткізуге болады.
2016 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның "Жасыл өсу" туралы декларациясына және 
Қорғасынмен байланысты тәуекелдерді қысқарту туралы декларацияға қосылды, оған сәйкес 
оларға қол қойған елдер "жасыл өсу" стратегияларын іске асыру, "жасыл" инвестицияларды 
көтермелеу және табиғи ресурстарды тұрақты басқару, сондай-ақ отынның қазба түрлеріне 
арналған субсидиялар сияқты экологиялық зиянды шараларды жою мақсатында ішкі саясатты 
реформалау жөніндегі өздерінің күш-жігері туралы мәлімдейді. Мемлекет ЭЫДҰ-ның 
Экологиялық саясат жөніндегі Ккмитеті мен оның қосалқы органдарының жұмысына белсенді 
қатысуға, озық тәжірибемен алмасуға ұмтылады. Қазақстан "жасыл өсудің" өзіндік саясатын 
нығайту мақсатында ЭЫДҰ-ның әдістемелік ұсынымдарын пайдалануы қажет.
Сондай-ақ Қазақстанда мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік базада 
ғимараттар, жолдар мен инфрақұрылым, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы қалдықтары мен 
суару жүйелері сияқты нақты секторларда сатып алынатын тауарлар мен қызметтер үшін 
тұрақтылық критерийлері көзделмейді. Экологиялық немесе "жасыл" сатып алу мәселелері 
бойынша техникалық ерекшеліктер немесе ережелер жоқ; бұдан басқа, "жасыл экономикаға" 
көшу жөніндегі тұжырымдамамен қандай да бір байланыс жоқ. Хабардарлықты арттыру және 
әлеуетті дамыту жөніндегі жұмыс қазіргі уақытта Қазақстандағы БҚЗ жүйесін іс жүзінде іске 
асыру үшін жеткіліксіз деңгейде жолға қойылған.
Қазақстан 2015 жылы бағдарламалардың он жылдық шеңберінің құрамында орнықты 
мемлекеттік сатып алу жөніндегі бағдарлама желісі бойынша әзірленген Тұрақты мемлекеттік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет