Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет95/154
Дата04.10.2022
өлшемі3,68 Mb.
#41197
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   154
Байланысты:
bapaeva damu psihol

«Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына əсер ететін
факторлар
«Мен – тұжырымдамасының» дамуының барлық теорияла-
ры əр жас кезеңіне тəн ерекшеліктерді қамтиды. Бірақ «Мен – 
тұжырымдамасының» даму кезінде тек екі тақырып қана басынан 
аяғына дейін орын алып отырады. Ол – отбасылық қарым-қатынас 
рөлі жəне де басқа маңызды рөлдер.
Маңызды басқалар. «Маңызды басқалар» терминнің түсінігін 
былай түсіну керек. Олар кім? Олар бала үшін маңызды, мəнді 
адамдар. Олар баланың бүкіл өміріне ықпал етуде, міне осы-
ны бала сезіп, түсінеді, сондықтан бала үшін олар – «маңызды 
басқалар» болады. Маңызды басқалар – тұлғаның өмірінде аса 
маңызды рөл атқаратындар. Олар беделді, сондықтан олардың 
пікірі басым болып есептеледі.
Тұлғаға маңызды басқалардың əсер етуі көбінесе сол адамның 
өміріне араласу деңгейіне байланысты, жақын қарым-қатынас
əлеуметтік қолдау көрсету, билігі мен беделділігі баланың тұлға 
болып дамуына əсерін тигізеді.
Ерте балалық шақта балаларға өзгелерден гөрі олардың 
айналасындағы ата-аналары маңызды болып табылады. Кейін 
осы қатарға мұғалімдер мен бір топ құрдастар да жатады. Мен-
бейнесін іздестіру жолында адам өзіне ұнаған маңызды басқаны 
таңдайды да, соны жасаған бейнесін жоғары бағалайды. Ол 
бейненің нақтылығы маңызды басқаның жеке ерекшеліктеріне 
байланысты. Маңызды басқаның қолдауы балада позитивтік 
«Мен» бейнесін тудырады, ал үнемі кемшіліктері айтылып 
отырса, балада кері баға беру сезімі пайда болады. Кез келген 


261
жағдайда, «Мен – тұжырымдамасының» қалыптасуына бейне 
психологиялық тəжірибенің негізгі көзі болып табылады.
Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына ата-ананың ықпалы. 
«Мен – тұжырымдамасының» дамуында негізгі фактор ата-
ана мен баланың қарым-қатынас түрі. Бұл төмендегі себептер-
мен түсіндіріледі: біріншіден, «Мен – тұжырымдамасының» 
негізі балалық шақ кезінде қаланады, ал бұл уақытта бала үшін 
маңызды – ата-ана болмақ. Ата-ана арқылы теріс байланыс пайда 
болады. Бала өзі туралы түсінігі кеңейіп, өз-өзіне баға бере ала-
ды. Екіншіден, баланың «Мен – тұжырымдамасының» дамуы-
на əсер ете алатын мүмкіндік ата-анада бар, өйткені, бала ата-
анаға барлық жағынан тəуелді болады. Баланың өзін-өзі бағалау 
қасиеттерінің қалыптасуына қажет психологиялық шарттарды 
қарап шығайық. Зерттеулер көрсеткендей, отбасының қолдауы 
жəне баласын қабылдауы көп жағдайда олардың жалпы өзін-
өзі бағалауына əсер етеді, ал мектептегі сəттіліктер мен кейбір 
факторлар оқытушылармен байланысты, мысалы, жеткіншекті 
мұғалімнің когнитивті эмоциялық қабылдауы. 
Зерттеулерде ата-ананың жасөспірімге көңіл қойып, жылылық 
танытуы, олардың болашақта жағымды өзін-өзі бағалауын 
қалыптастырады. Ата-ананың қатаң, негативті қарым-қатынасы 
кері əсерін тигізеді: мұндай балалар сəтсіздіктерін бір нүктеге 
топтастырып, тəуекелге баруға қорқады, жарыстарға қатысудан 
қашады, агрессивті жəне дөрекі, сонымен қатар мазасыздық 
деңгейі жоғары болады. Отбасындағы балаға эмоциялық қарым-
қатынастың маңызы зор. Отбасындағы қарым-қатынастың 
екі стилі бар: ассиметриялы жəне симметриялы. Екеуінің де 
жасөспірімнің өзін-өзі бағалауына əсері екі түрлі.
Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу 
негізінде құрылады. Бұл фактор жасөспірімнің өзін-өзі 
бағалауында эмансипацияға ықпалы зор. Қарым-қатынастың 
симметриялы стилі жеткіншектерді өз-өзін бағалау критерий-
лер жүйесін қалыптастырады, сыйласымды қарым-қатынас тек 
ата-анаға ғана емес, жасөспірімнің өз-өзін сыйлауына жəне іс-
əрекетінің тиімді болуына септігін тигізеді. 
Ассиметриялы стиль – отбасындағы мəселелерді ше-
шуге жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасауы. Қарым-
қатынастың ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі 


262
мен өз-өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады. 
Оқудағы сəттіліктер, мұғалімнің бағалауы өзін-өзі бағалауға 
əсерін тигізеді. Зерттеулер, сонымен бірге жасөспірімдерге 
ата-аналарының жылы қарым-қатынасы баланы жақсы бо-
лып өсуіне зор көмек болады. Ата-анасының жылы алақанында 
тəрбиеленген бала өзіне сенімді жəне жақсы болып өседі. Ал ата-
анасының ұрысуымен өскен балалар кейін жасық, тəуекелге 
бара бермейтін болып өседі. Осыларға қарап ата-ана ықпалын 
симметриялық, антиссиметриялық сипатқа бөлуге болады. 
Симметриялық сипатта тəрбиеленген жасөспірім алғыр, жақсы 
болып өседі. Антисимметриялық сипаттағылар жасық, жолы бола 
бермейтін болып өседі. Міне, осыларға қарап ата-ана тəрбиесінің 
дұрыстығы жеткіншектің қалыптасуына үлкен ықпал ететіндігін 
білеміз. Осылардың ішінде ата-аналармен сыныптастарының 
ықпалы көп əсер етеді. Жасөспірімдерді зерттеудегі көпжылдық 
еңбектерді қарап отырып, ата-ананың бала тəрбиесінде үлкен 
ықпал бар екенін көреміз. Мысалы: Розенбергтің жəне Куперс-
мита, Бахмандардың жасөспірімдердің өмірін зерттеулеріне 
қарап, ата-ананың жасөспірімдерге тəрбие бере отырып, оларды
өздерін бағалай білуге үйрету керек. Олардың істеген еңбектерін 
мейлі ол аз еңбек болса да, жасөспірімге ілтипат немесе қошемет 
көрсету олардың еңбектерін бағалау болып табылады. Сөйтіп, 
оларда басқалардың еңбегін бағалауды үйренеді. Жасөспірімдерге 
сыныптастарының ықпалы да үлкен рөл атқарады. Сыныптас-
тарымен қарым-қатынаста бола отырып, олардың жағымды 
жəне жағымсыз қылықтарын көре отырып, соның ішінен өзіне 
керектілеріне еліктей бастайды. Осындай сыныптастарымен 
қарым-қатынас жасауда ата-ана ықпалы да керек болады. Үйінде 
антисимметриялық түрде тəрбиеленген балалар сыныптастары-
мен тез араласа алмай көбіне тұйық жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет