Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет30/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

2-тарау. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар қызметінің тәртібі
14. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар өз қызметінде 
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Заңды, Заңды, осы 
Қағидаларды басшылыққа алады. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар 
қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз етуді


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеу және оқыту 
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-
ағарту министрінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 348 бұйрығына (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) 
(бұдан әрі – МЖМБС), «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына 
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып 
тіркелген) (бұдан әрі – Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
жоспарлары), «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) 
(бұдан әрі – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үлгілік бағдарламалары) сәйкес 
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және 
инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 
жүзеге асырады.
15. Арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшалар төмендегі санаттағы 
балаларға арнап ашылады:
1) көру қабілеті зақымдалған балалар;
2) есту қабілеті зақымдалған балалар;
3) сөйлеу тілінде ауыр түрде бұзылыстары бар балалар;
4) тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар;
5) зердесі зақымдалған балалар;
6) психикалық дамуы тежелген балалар;
7) осы тармақта көрсетілген балалар санаттарын араластыру кезінде.
16. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында арнайы 
бөбекжайлар мен балабақшалар болмаған кезде осы Қағидалардың 15-тармағында 
көрсетілген балалардың әртүрлі санаттары үшін арнайы топтар ашылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
17. Балаларды арнайы бөбекжайлар мен балабақшаларға жіберу және 
ауыстыру ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары негізінде ата-аналардың (заңды 
өкілдердің) келісімімен болады.
18. Арнайы жағдайлар жасау үшін арнайы мектепке дейінгі білім беру 
ұйымының педагогтері (тәрбиешілері) баланың ерекше білім алуға 
қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады.
19. Арнайы бөбекжай мен балабақшадағы оқу сабақтарының кестесін 
мектепке дейінгі білім беру ұйымының әкімшілігі дайындайды және бекітеді.
Арнайы педагогтер мен психолог жеке/шағын топтық/топтық түзету 
сабақтарын білім беру ұйымының әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес оқу күні 
бойы және сабақтан тыс уақытта өткізеді.
Арнайы бөбекжай мен арнайы балабақшалардың педагогтері қажет болған 
жағдайда ата-аналарға (заңды өкілдерге) балаларды тәрбиелеу және дамыту 
мәселелері бойынша кеңес береді.
20. Арнайы балабақшалар Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген нормалар аумағында оқу-тәрбиелеу үдерісі, кадрларды іріктеу мен 
орналастыру, ғылыми, қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге 
асыруда өздігінен әрекеттенеді.
21. Арнайы бөбекжай мен балабақшада топтардағы балалар саны Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Мектепке дейінгі ұйымдарға және 
сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 
санитариялық қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-
59 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 
23469 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес 
айқындалады.
22. Арнайы бөбекжай мен балабақшаларды жарақтандыру және жабдықтау 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 
қаңтардағы № 70 «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ 
арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру 
нормаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – 
Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары) сәйкес жүзеге 
асырылады.
23. Есту, көру және тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға 
арналған арнайы бөбекжайлар мен арнайы балабақшаларда зердесі зақымдалған 
(ақыл-ой кемістігі бар) білім алушылар анықталған жағдайда күрделі 
бұзылыстары бар балаларға арналған топтар құрылады. Топтағы балалар саны 
толық болмаған кезде топтар әртүрлі жастағы және даму бұзылыстарын ескере 
отырып жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет