Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы



Pdf көрінісі
бет36/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

1-параграф. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы 
мектептер қызметінің тәртібі
63. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке
/сыныпқа төмендегі балалар қабылданады:
1) көзі көрмейтін (толық көрмейтін);
2) көзі көрмейтін – көру сезімінің толық болмауы, жарық сезуі немесе 
қалдық көруі бар (жақсы көретін көзінде 0,04-ке дейін түзетумен);
3) жарық қабылдағыштық қасиеті бар;
4) жақсы көретін көзінде 0,04 және одан төмен қалдықты көруі бар және 
одан төмен ауыстырылатын түзетумен;
5) оптикалық түзету жағдайында жақсы көретін көзінде 0,05-0,4 көру 
өткірлігімен.
64. Балаларды арнайы мектепке/сыныпқа жолдау үшін офтальмологиялық 
көрсеткіштер офтальмологиялық тексеру деректері негізінде жеке белгіленеді.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
65. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептерде
/сыныптарда сыныптар толық жинақталмаған жағдайда көзі көрмейтін және 
нашар көретін балалар бірлесіп оқиды.
66. Көру қабілеті зақымдалған білім алушылар Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» Заңына сәйкес оқудың кез келген кезеңінде жалпы білім беретін 
мектепке ауыстырылады.
67. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқытудың арнайы шарттары:
1) көзі көрмейтін білім алушыларды Брайль бедерлі-нүктелі қарпімен 
басылған жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары, оқу құралдары және 
әдебиеттермен; бедерлі суреттер, сызбалар, схемалар, сипау арқылы 
қабылданатын басқа да суреттер және безендірулермен қамтамасыз ету;
2) нашар көретін білім алушыларды жалпы білім беретін мектептердің 
үлкейтілген қаріппен басылған оқулықтары, оқу құралдары, әдебиеттермен және 
көру арқылы қабылдауға қолжетімді арнайы өзгертілген бейнелермен қамтамасыз 
ету;
3) тифлотехникалық құралдарды бұзылған көру қызметтерін түзету немесе 
орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ көру қабілетін дамыту және қалпына 
келтіру үшін пайдалану: оптикалық (лупалар, көзілдіріктер, моно- және 
бинокулярлар, проекциялық ұлғайтқыш құралдар); телевизиялық; жарық 
техникалық және т.б.
4) қалдық көру және көру арқылы қабылдау қабілетін қорғау және дамыту, 
әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістіктікте бағдарлау, ымдау мен пантомимиканы 
дамыту, сөйлеу тілінің дамуының кемшіліктерін түзету, түзету ырғағын дамыту 
бойынша сабақтар өткізу.
5) емдеу аппаратурасы және құралдары бар арнайы жабдықталған кабинетте 
офтальмолог дәрігер мен ортоптист мейірбикенің емдеу-қалпына келтіру 
жұмыстарын жүзеге асыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет