Монография Қарағанды 2015 Ре по зи то ри й к ар гу



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата06.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#41690
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Zharilgapov takirov (1)

Имажинизм 
 
Имажинизм (фрацуз тілінен аударғанда «image» – образ, бейне) – ХХ 
ғасырдың басындағы әдебиет пен сурет ӛнеріндегі ағым. Англияда 1914-1918 
жылдары пайда болды. Негізін футуристерден бӛлініп шыққан Эзра Поунд пен 
Уиндгэм Люис қалады. Ал Ресейде бұл ағым тӛңкерістің алғашқы жылдарында 
кӛрініс берді. Орыс имажинистері 1919 жылы ӛз мәлімдемелерін «Сирена» 
(Воронеж) және «Советская страна» (Мәскеу) журналдарында шығарды. Негізгі 
ұйымды В. Шершеневич, А. Мариенгоф, С. Есенин, А. Кусиков, Р. Ивнев, И. 
Грузинов және т.б құрады. Ағым мүшелері «Имажинисты», «Чихи-Пихи» 
басылымдарының тӛңірегінде ұйымдасып, сол уақыттағы белгілі кітап дүкені 
«Стойло Пегаса» кафесінде бас қосып отырған. Имажинистер кейіннен 
«Гостиница для путешествующих в прекрасном» журналын шығарып, ол 1924 
жылы тӛртінші санынан тоқтап қалды. Осыдан кейін бұл топ тарап кетті. 
Имажинизм теориясы бойынша поэзияның негізгі принципі «образдың» 
басымдылығында деп атап кӛрсетілді. Имажинизм дегеніміз – бірнеше 
мағынасы бар сӛз – символ (символизм) емес; сӛз – дыбыс (кубофутуризм) 
емес; сӛз заттардың – атауы (акмеизм) емес, ол бір ғана анықталған мағынасы 
бар сӛз – метафора. Имажинистер «декларациясында» ӛнердің негізгі заңы, 
қайталанбас жалғыз әдісі ӛмірдің кӛрінісі образ және образдың ырғағы арқылы 
кӛрінеді деп мәлімдеген. Бұл принциптің теориялық негіздемесі поэтикалық 
шығармашылықтың даму тілі метафора арқылы жүзеге асады. Потебня атап 
кӛрсеткендей, «сӛздің ішкі формасы» поэтикалық образбен теңестіріледі. 
«Сӛйлем мен тіл образдың құрсағынан туады және сол арқылы поэзия 
кӛркемдігінің бастауын мәңгілікке белгілеп береді», - дейді А.Мариенгоф.
«Әрқашан бастапқы сӛздердің образын есте сақтау керек». Егер тәжірибиеде 
«образдылықты» талдап түсіндірсек, онда поэзияда образ мағынасын 
жоғалтады, шын мәнінде: «образдың мағынасын жоғалтуы – поэтикалық сӛздің 
дамуына жол ашады», осыған байланысты грамматика бұзылады, бірақ та 
«сӛздің мағынасы түбір сӛзде ғана болмай, грамматикалық формасында да 
сақталады. Сӛз образы тек түбірде ғана. Грамматиканы бұзып, сӛздің 
мазмұндық күшін жойғанымызбен, сӛздің образдылығын сақтай аламыз». 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


31 
«Ӛлең – организм емес, образдардың жиынтығы, одан бір емес, бірнеше 
образдар жасауға болады», - дейді В.Шершеневич.
Образдылыққа сүйенген имажинистер образ жасаудың әртүрлі әдістерін
енгізді. «Аналогиялық қадамдар, параллелизмдер, салыстырулар, қарама-қарсы, 
күрделі және жай эпитеттер, политематикалық қосымшалар, кӛпқабатты 
құрылымдар образ жасаудағы нағыз, хас ӛнер шеберлерінің құралдары» - деп 
декларацияда айтылған. Имажинистер образдылыққа жету үшін кӛптеген 
күрделі образ кестелерін жасады.
Дӛрекі сӛздерді қолданысқа енгізу арқылы имажинистер – бұндай 
образбен футуристерден «асып түсіп» жаңашыл боламыз деп үміттенді. «Образ 
деген не? – Жоғары жылдамдықтағы қысқа арақашықтық» - дейді 
А.Мариенгоф.
Алайда, айта кету керек, имажинистер ӛзінің шығармашылық 
тәжірибиесінде теориядағыдай алысқа ұзап кетпеді. В. Шершеневичтің ӛзі
образдардың механикалық тұтастық принципін теориялық түрде мойындамады. 
Кӛркем туындыдан «образдар катологын» толық табу мүмкін емес еді. Жалпы 
имажинистер барлық күшін теориялық талаптарға сай жүзеге асырды. Әрбір 
бӛлім метафорасы бейнелілік қатарда кӛрініп, нақты-бейнелілік жоспарларында 
тұрды.
Бұл ағымдағылардың теориялық білімдері мен поэтикалық тәжірибелері, 
кӛзқарастары, 
әлеуметтік 
жағдайлары 
әртүрлі 
болды. 
Мысалы:
В.Шершеневич пен А. Мариенгоф, С. Есенин мен А. Кусиковтардың 
ұқсастығынан гӛрі айырмашылықтары басым болды. Имажинистер біріншіден, 
әбден урбанистенген, екіншіден, руристенген: әртүрлі психологиялық және 
әлеуметтік топтардың қақтығысының тоқырауында кӛрініс тапқан. В. 
Шершеневичтер мен А. Мариенгофтардың поэзиясы – ӛздерінің тұғыры мен 
жан-жақты байланыстарын жоғалтқан қалалық интеллигенцияның оқитын 
шығармалары болса, бұл шығармашылық құлазу мен құлдырауды кӛрсетті. 
Сонымен қатар олардың поэзияларында құлазу, әдеттегі жеке қайғы, 
пессимизмге берілу сезімдері, Қазан тӛңкерісін қабылдамау сияқты мәселелер 
бейнеленді.
Бұларға қарағанда С. Есениннің табиғаты мүлде бӛлек. Ӛйткені ол ауқатты 
шаруалардың ӛмірін суреттегенімен, олардың болып жатқан ӛзгерістерге 
қызықпаушылығын да кӛрсетті. Ол ӛзі туып-ӛскен жердегі шаруалардың 
психологиясы мен шаруашылықтарын және бай шаруаның діни кӛзқарастарын 
нақты образды түрде бейнелеп берді. 
Жалпы имажинистер тұтас бір бүтінді кӛрсетпеді, себебі олар тӛңкерістің 
дауылынан қашқан әртүрлі әлеуметтік топтың кӛңіл-күйін бейнелейді.
Футуристердің пікірінше, поэтикалық форманы жаңарту керек. 
Имажинистер кӛркем ӛнер формасына бағынатындарды жинақтады. 1924 
жылы имажинизмде кризис басталды. С. Есенин және И. Грузинов 
имажинистер тобын тарайтынын хабарлады. 1928 жылы В. Шершеневич 
имажинизмнің қалай тоқтағанын жазды. Имажинизм поэзиясының негізгі 
ерекшелігі – метафорикалық образ, ұқсамайтын заттарды салыстыру, құбылыс 
және ұғым. Әдетте имажинистер метафорада екі затты, екі құбылысты 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


32 
біріктірді. «Кеңес әдебиеттануында солшыл авангардтық ағымдар ретінде 
сыналып келген модернистік эстетиканың символизм, сентиментализм, 
экзистенциализм, имаженизм, имрессионизм сынды т.б. әдеби құбылыстары 
қазақ әдебиетінде таза күйінде кездесіп, жетекші позицияларды иемденбесе де 
әр ағымның идеялық және бейнелеу ерекшеліктері әр түрлі деңгейде байқалып 
отырды» деген ойда шындық бар [17,289]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет