19
Орыс әдеби символизмінің тарихы бір уақытта Мәскеуде және
Петербургте қалыптасқан екі әдеби ұйымнан бастау алады. Батыс философиясы
(Ницше, Шопенгауэр) мен Еуропалық символистер шығармашылығына ортақ
қызығушылық негізінде Мәскеуде ӛлеңтану мен поэтиканың символистік
студиялары ашылды. В.Брюсовты, К.Бальмонтты, символистік «Весы»
журналының шығарушысы Ю.Балтрушайтисті индивидуализм, эстетизм,
ӛнердің қоғамдық мәнін жоққа шығару біріктірді. Петербургтегі символистер
тобының
философиялық-эстетикалық
ұстанымдары
Мәскеудегі
топ
символистерінің ұстанымдарынан ӛзгеше болды. Бұл топқа З.Гиппиус,
Д.Мережковский, Н.Минский кірді. Оларға В.Розанов жақын болды. Мәскеулік
топтың «таза эстетизміне» олар ӛздерінің «діни қоғам» идеясын қарсы қойды.
Олар үшін символизм әдеби мектеп қана емес, дүниетаным категориясы болды.
Аталмыш кезеңнің тоқсаныншы жылдары Петербургте Мережковскийдің
жетекшілігімен «неохристиандық» «Новый путь» (1903-1904) журналы
басылып
шыға бастағанда, олардың оқшаулықтары анық білінді. Бұл журнал
«неохристиан» - әдебиетшілердің басын біріктірді. Екі топ кӛп ұзамай бірігіп,
ортақ әдеби бағыт ретінде бас кӛтерді.
Символизм бір нәрсенің елесін сәл-пәл сездіріп, арғы жағын жұмбақтатып,
енді не айтпағымды ӛзің түсініп ал дейді. Бұл ағымның кӛптеген ӛкілдері
буржуазиялық қоғамның құлдырауын сезіне отырып, оны барлық адамзаттың
құлдырауы деп есептеді. Осыдан барып болашаққа, адам санасына, тарих
болашағына сенбеу туады. Шығармашылықтары арқылы қоғамдық-әлеуметтік
үдеріс тірелген тығырықтардан шығудың жолын іздестірді. Буржуазиялық
ортада символизмнің танымал болуы
антидемократиялық мәні мен
антиреалистік бағыттылығымен түсіндіріледі.
Дуалистік дүниетаным - бейнені символистік ойлау жазушы кӛзқарасының
негізгі сипаты. Символистер шығармаларының екі мағынасы бар: тура және
астарлы. Екінші мағына символистер шығармашылығында маңызды болып
есептеледі. Кӛркемдік бейне символға айналып кетеді. Теоретиктердің
пайымдауынша, символизм – сыртқы әлемнің құпия сырларына меңзейтін ӛнер.
Символистік ӛнердегі негізгі шешуші нәрсе - поэтикалық тіл. Оның екі
түрлі міндеті бар. Бірі - шығарма тудыратын бейнелі материал; ал екіншісі –
адамның ішкі сырларын жеткізетін бейнелеуші тіл. Символистік шығармаларда
сӛзге магиялық мән беріледі. Ол оқырманның ерекше кӛңіл-күйін тудырып,
табиғаттың мистикалық құпияларын қабылдауға бейімдеуді кӛздейді. Сӛйтіп,
поэтикалық сӛз магиялық сендіру құралына айналады. Осыған байланысты
символистер ӛлеңнің әуеніне кӛп кӛңіл бӛледі. Сонымен бірге оқырманды
шынайы ӛмірден тыс, қиялдағы ӛмірге жетелейтін ағым болғаны белгілі.
Бұл ағым әдебиетке жаңа идеялар, тың тақырыптар әкелді. ХХ
ғасыр
басындағы қоғамдық-әлеуметтік ӛмірдегі сан қилы ӛзгерістер қазақ әдебиетіне
де әсерін тигізді.
Символизмнің қазақ әдебиетіндегі ӛкілдері деп Мағжан Жұмабаев пен
Бернияз Күлеевті атауға болады. Әдебиет зерттеушісі А.Шәріптің «Қазақ
поэзиясы және ұлттық идея» атты монографиясында қазақ символизіміне
арналған тарау бар. Қазақ поэзиясындағы символизмнің орны жайлы А.Шәріп:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
20
«Бір қызығы, Еуропа символизмі жарты ғасырға жуық қом жинаса, оның
Ресейдегі жаңғырығы жүзжылдықтың ширегіндей уақытқа созылыпты; ал қазақ
поэзиясындағы ӛткінші жаңбырдай бұл құбылыс қас-қағым сәтте маңайын
кӛкке малшындырып, тынысты тазалап, қат-қабат құнарын қалдырып кетті.
Қазақ символизмі аяғынан тік тұра бастаған заматта, Еуропа мен орыс
символизмі толысу, тіпті тоқырау сатыларын ӛзегінен түгел ӛткеріп, «жасарын
жасап»
үлгерген
еді.
Сондықтан
Мағжан
мен
Бернияз
ӛз
шығармашылықтарында аты шулы әдеби
ағымның кемелі мен кемшінін,
ӛміршеңі мен ӛтпелісін саралап-сұрыптап пайдалану мүмкіндігін иеленді. Ең
бастысы, қазақтың мәдениет бақшасына символизмнің туын тіккенде, оны
ұлттық поэзияның ілгерідегі үздік үлгілерімен табиғи будандастыру, терең
байланыстыру міндетін мойынға артты» - деген пікірін білдірді
[9,21]. Яғни,
Мағжан мен Бернияз осы әдеби ағымдағы ӛздерінің жолдарын тауып, ӛзіндік
дара стильдерінде кӛрсете білді.
Ғалым Е.Тілешов қазақ ақынының символизмге баруының жоғарыда
кӛрсетілген себептерден басқа бірнеше себептерін атап кӛрсетеді: «Жұмабаев –
ӛлеңнің сыртқы түріне үлкен мән берген мәдениеті жоғары ақын. Ол
символистік шығармаларына дейін-ақ романтикалық шығармаларында ӛлеңнің
түрі саласында бірқатар ізденістер жүргізген, яғни ақынның бұл бағыттағы
суреткерлік тәжірибелері символизм тұсында кеңейіп, мақсатты түрде жүзеге
асырыла бастады. Символизм Мағжанның осындай
ізденістерін одан әрі
күшейте түсті деуге болады. Ал символизмнің әдеби ағым ретіндегі
ерекшелігінің бірі - форманың келістілігі мен кемелділігі. Екіншіден, оның
романтик ақын болуы да символизміне әсер етті. Символизмнің теориясы мен
тарихын зерттеушілер оның романтизммен байланысын атап кӛрсетеді. Тіпті
ХХ ғасыр басындағы орыс әдебиеттануында оны неоромантизм деп атағандар
да бар. Романтизм секілді символизмнің де негізінде дүниені идеалистік
тұрғыдан қабылдау, бейнелеу жатыр. Субъективтік, дарашылыдық, ӛз дәуіріне
кӛңілі толмай уайымға салыну, трагедиялық күйлерге түсу романтизмге қалай
етене жақын болса, символизмге де жат бола қоймайтын белгілерден саналады.
Үшіншіден, Мағжанның дүние дидарын трагедиялық кескінде қабылдау
бейіміне – оның жеке ӛміріне де үлкен ықпал жасады. Ақын тағдырындағы
ауыр оқиғалар, олардың ақын жүрегіне салмақ түсіруі, лирикасындағы жан-
жарасын бейнелейтін сәттерді тереңдетіп жіберді.
Кезінде Мағжанның
сыншылары теріс түсінікке айналдырған ақын ӛлеңдеріндегі уайым, мұң,
әсіресе, осы тұста қалыңдай түсті. Ол суреткердің ойынан тапқан, қиялдан
жасаған әлемі емес - Мағжанның ӛмірінен ӛрілген шынайы тебіреністері еді»
[10,100].
Ақынның символистік ӛлеңдері 1911-1920 жылдарда жазылса керек.
Жалпы Мағжанның символизм ағымына еліктеп жазған жиырмаға жуық ӛлеңі
бар деп есептеледі. Атап айтқанда, «Толқын», «Жазғы жолда», «Сең»,
«Шолпы», «Қайың», «Қысқы жолда», «Мені де, ӛлім, әлдиле», «Жан сӛзі» т.б.
Қаламгердің
символға
құрылатын
шығармаларының
негізі
табиғат
лирикасының үлесінде.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
21
Мағжан Жұмабаевтан кейінгі қазақ әдебиетіндегі символизмнің тағы бір
кӛрнекті ӛкілі – Бернияз Күлеев. Ақынның «Ӛзім», «Сүйгеніме» ӛлеңдері,
«Жорық» поэмасы, т.б. шығармаларының Мағжан ӛлеңдерімен үндестігі
байқалады.
Осы ағымның қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Ұлттық рухты, ұлттық
болмысты кӛрсету үшін мүмкіндігі үлкен болып, олардың кӛркемдік әдіс-
жүйесіне, поэтикалық стилдеріне жаңа бір серпін бергені даусыз. Осы
тұрғыдан алғанда Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеевтің символистік
ізденістері ӛзінің жемісін бергені ақиқат. Символистер шығармашылығын
қарастырғанда тек қана таза әдеби-теориялық бағытта ғана емес,
философиялық,
діни-мистикалық, мифтік және психологиялық ілімдер
саласының принциптері негізінде қарастырған дұрыс деп есептейміз. Ұлттық
әдебиетімізде символизмнің ағым ретінде бой кӛрсетуі қазақ поэзиясының
мүмкіндігін, кӛркемдік-бейнелілік қуатын танытып, әлем әдебиетімен иық
теңестіре алар мүмкіндігін танытты.
Достарыңызбен бөлісу: