20
Орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес технологиялық операция
ауысулардан, өтулерден және тәсілдерден тұруы мүмкін.
Ауысу – өңделетін беттің, кескіш аспапт және станоктың жұмыс
режимінің өзгермейтіндігімен сипатталатын операция бөлігі.
Өту - материалдың бір қабаты кесіліп алынатын «ауысудың» бөлігі.
Бұл жағдайда, барлық өтулер, егер олар бірнеше болса, станоктың жұмыс
режимін өзгертпей орындалады. «Өту» тәсілдерден тұрады.
Тəсіл - бұл операцияны орындау кезіндегі жеке қозғалыстардың
жиынтығы.
Өңделетін
дайындаманың
позициясы
өзгеретін
жағдайда
технологиялық операция бірнеше «орнатулар» мен «позициялардан» тұруы
мүмкін.
Орнату - дайындаманың тұрақты бекітілуімен орындалатын
операцияның бөлігі.
Позиция - жұмыс жүргізілетін жабдыққа қатысты тұрақты бекітілген
заттың әр түрлі оналасуының бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: