Өндіріс түрлері және олардың сипаттамалары. Машина жасауда
өндірістің негізгі үш түрі бар: жаппай, сериялық және жекеленген.
Жаппай өндірісте бұйымдар салыстырмалы түрде көп мөлшерде және
жеткілікті ұзақ (әдетте бірнеше жыл) уақыт ішінде үздіксіз шығарылады.
Алайда, жаппай өндіріске тән белгі - шығарылған машиналардың саны емес,
көптеген жұмыс орындарында оған тұрақты түрде қайталанатын бір ғана
операцияны орындау болып табылады. Жаппай өндірісте кеңінен
қолданылатын және үлкен нарыққа шығарылатын стандартты біртекті
бұйымдар шығарылады. Оларға автомобильдер, тракторлар, велосипедтер,
электрқозғалтқыштар, тігін машиналары, т. б. жатады.
Сериялық өндірісте белгілі бір уақыт аралығында үнемі қайталанатын
бөлшектер мен бұйымдар сериясы шығарылады. Сериялық өндіріс – көп
номенклатура өндірісі. Оған тән белгі - көптеген жұмыс орындарында
бірнеше рет қайталанатын операцияларды орындау. Көп немесе аз мөлшерде
шығарылатын тұрақты типтік машиналар (металл кесетін станоктар,
сорғылар, компрессорлар, әртүрлі салаларға арналған жабдықтар және т.б.)
сериялық өндірістің бұйымдары болып табылады.
Жекеленген өндірісте кең ассортименттегі бұйымдар салыстырмалы
түрде аз мөлшерде және көп жағдайда жекелеген бұйымдар шығарылады.
Жекеленген өндіріске тән белгі - жұмыс орындарында әр түрлі
операцияларды оларды мезгіл-мезгіл қайталамай орындау. Жекеленген
өндіріс бұйымдары - кең қолданылмайтын және жеке тапсырыс бойынша
шығарылатын машиналар мен механизмдер. Жекеленген өндіріс ауыр
машина жасауға тән. Ірі гидротурбиналар, бірегей металл кесетін станоктар,
прокат стандары және металлургиялық жабдықтар осы жекеленген өндірістің
шығаратын бұйымдары болып табылады.
Практикалық жұмыс 1. Технологиялық операцияның бір бөлігін, яғни «ауысуды» орындау.
Цилиндрлік дайындаманы токарлық станоктың патронына орнату және
материалдың бір қабатын кесіп алу.
Жұмыстың мақсаты: дайындаманы
механикалық
өңдеу
технологиялық операциясының «переходтың» және оның бір бөлігі –
«проходтың» мәнін түсіну.
Жұмысты орындау тəртібі 1. Жұмыс орнын ұйымдастырыңыз.
2. Дайындаманы токарлық станоктың патронына орнатыңыз.
3. Станоктың суппортына токарлық кескішті орнатыңыз.
4. Кесу режимдерін (кесу тереңдігі, кесуге беру және кесу
жылдамдығы) тағайындаңыз.
5. Бір рет өту арқылы материалдың бір қабатын кесіп алыңыз.