Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


Өндіріс түрлері және олардың сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет16/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

Өндіріс түрлері және олардың сипаттамалары. Машина жасауда 
өндірістің негізгі үш түрі бар: жаппай, сериялық және жекеленген. 
Жаппай өндірісте бұйымдар салыстырмалы түрде көп мөлшерде және 
жеткілікті ұзақ (әдетте бірнеше жыл) уақыт ішінде үздіксіз шығарылады. 
Алайда, жаппай өндіріске тән белгі - шығарылған машиналардың саны емес, 
көптеген жұмыс орындарында оған тұрақты түрде қайталанатын бір ғана 
операцияны орындау болып табылады. Жаппай өндірісте кеңінен 
қолданылатын және үлкен нарыққа шығарылатын стандартты біртекті 
бұйымдар шығарылады. Оларға автомобильдер, тракторлар, велосипедтер
электрқозғалтқыштар, тігін машиналары, т. б. жатады. 
Сериялық өндірісте белгілі бір уақыт аралығында үнемі қайталанатын 
бөлшектер мен бұйымдар сериясы шығарылады. Сериялық өндіріс – көп 
номенклатура өндірісі. Оған тән белгі - көптеген жұмыс орындарында 
бірнеше рет қайталанатын операцияларды орындау. Көп немесе аз мөлшерде 
шығарылатын тұрақты типтік машиналар (металл кесетін станоктар
сорғылар, компрессорлар, әртүрлі салаларға арналған жабдықтар және т.б.) 
сериялық өндірістің бұйымдары болып табылады. 
Жекеленген өндірісте кең ассортименттегі бұйымдар салыстырмалы 
түрде аз мөлшерде және көп жағдайда жекелеген бұйымдар шығарылады. 
Жекеленген өндіріске тән белгі - жұмыс орындарында әр түрлі 
операцияларды оларды мезгіл-мезгіл қайталамай орындау. Жекеленген 
өндіріс бұйымдары - кең қолданылмайтын және жеке тапсырыс бойынша 
шығарылатын машиналар мен механизмдер. Жекеленген өндіріс ауыр 
машина жасауға тән. Ірі гидротурбиналар, бірегей металл кесетін станоктар, 
прокат стандары және металлургиялық жабдықтар осы жекеленген өндірістің 
шығаратын бұйымдары болып табылады. 


21
Орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес технологиялық операция 
ауысулардан, өтулерден және тәсілдерден тұруы мүмкін. 
Ауысу – өңделетін беттің, кескіш аспапт және станоктың жұмыс 
режимінің өзгермейтіндігімен сипатталатын операция бөлігі. 
Өту - материалдың бір қабаты кесіліп алынатын «ауысудың» бөлігі. 
Бұл жағдайда, барлық өтулер, егер олар бірнеше болса, станоктың жұмыс 
режимін өзгертпей орындалады. «Өту» тәсілдерден тұрады. 
Тəсіл - бұл операцияны орындау кезіндегі жеке қозғалыстардың 
жиынтығы. 
Өңделетін 
дайындаманың 
позициясы 
өзгеретін 
жағдайда 
технологиялық операция бірнеше «орнатулар» мен «позициялардан» тұруы 
мүмкін. 
Орнату - дайындаманың тұрақты бекітілуімен орындалатын 
операцияның бөлігі. 
Позиция - жұмыс жүргізілетін жабдыққа қатысты тұрақты бекітілген 
заттың әр түрлі оналасуының бір түрі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет