39
Сурет 2.16. Дайындаманы қысқыштарда орнату және келтіру
Практикалық жұмыс 1.
Бөлшектерді тікелей машина үстеліне немесе әмбебап сайманға орнату.
Жұмыстың мақсаты: станок үстелі мен кескіш аспапқа қатысты
келтіріп сайманды орнату ережелерін игеру.
Жұмысты орындау тəртібі
1. Металл кесетін станок түрін таңдап, онда орындалатын
дайындаманы механикалық өңдеу операцияны тағайындаңыз.
2. Белгіленген технологиялық операцияны орындау үшін сайман
таңдаңыз.
3. Станок үстелі мен кескіш аспапқа қатысты сайманды келтіріп
орнатыңыз.
4. Тағайындалған технологиялық операцияны орындаңыз және
«станок-сайман-аспап-бөлшек» (ССАБ) жүйесінің қатаңдығын бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: