Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А

Pdf көрінісі
бет5/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

АЛҒЫ СӨЗ 
Көптеген жылдар бойы қалыптасқан және қазіргі таңда белгілі бір 
өндіріс саласында қолданылатын машиналар мен механизмдерді жасау 
әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы осы саланың технологиясын құрайды. 
Осыған байланысты құю технологиясы, металлды қысыммен өңдеу 
технологиясы, пісіру технологиясы, механикалық өңдеу технологиясы, 
машиналар мен механизмдерді құрастыру технологиясы сияқты ұғымдар 
пайда болған. Өндірістің барлық осы салаларының жиынтығы машина жасау 
бұйымдарын өндіру процесінің барлық кезеңдерін қамтитын машина жасау 
технологиясын құрайды. 
Алайда, «машина жасау технологиясы» дегеніміз - негізінен металл 
кесетін станоктарда бөлшектерді механикалық өңдеу және машиналарды 
құрастыру процесстерін, сонымен қатар дайындамаларды таңдау және 
оларды алу әдістерін зерттейтін ғылыми пән. Мұны машина жасауда кез-
келген бөлшектің өлшемдерінің қажетті дәлдігі мен беттерінің тазалығына 
және берілген формасына негізінен дайындаманы механикалық өңдеу 
арқылы қол жеткізілетіндігімен түсіндіруге болады. Механикалық өңдеу 
процесінің өзі күрделі жабдықтарды, яғни металл кесетін станоктарды 
қолдану арқылы жүзеге асады; механикалық өңдеудің еңбек сыйымдылығы 
мен өзіндік құны машиналар мен механизмдерді жасау процесінің басқа да 
кезеңдеріне қарағанда әлдеқайда артық.
«Машина жасау технологиясында» кешенде станоктың сайманның, 
кескіш аспаптың және өңделетін бөлшектің (ССАБ технологиялық жүйесі) 
өзара іс-қимыл жасау мәселелері кешенді игеріледі; технологиялық 
жабдықтар мен технологиялық құрал-сайманды дұрыс таңдауды қоса 
алғанда, машина бөлшектерін механикалық өңдеудің неғұрлым өнімді және 
тиімді, сондықтан неғұрлым ұтымды технологиялық процесстерін құру 
жолдарын; машиналар мен механизмдерді құрастырудың ұтымды 
технологиялық процесстерін құру әдістері зерделенеді. 
Сондықтан «Машина жасау технологиясы» оқу құралы машиналар мен 
механизмдерді өндірудің машина жасау өндірісінің әртүрлі салаларына ортақ 
әдістерін игеруге арналған. 
Осы оқу құралын игеру нәтижесінде Сіз: 
- металл кесу туралы ғылымның көпжылдық даму тарихымен 
танысасыз; 
- өндірісті технологиялық құрал-сайманмен қамтамасыз ете аласыз 
және қсаймандарды станоктарға орната аласыз
- майлау-салқындату материалдары мен сұйықтықтарды қолдану 
ерекшеліктерін игересіз; 
- жабдықтар мен автоматтандырылған желілерді жоспар бойынша 
алдын-ала жөндеу жұмыстарының жүргізілуін қадағалай аласыз; 
- машина жасау өндірісінің негізгі жабдықтарына, яғни металл кесетін 
станоктарға техникалық қызмет көрсете аласыз және оларды ұтымды 
қолдануды үйренесіз. 

6
«Машина жасау технологиясы» пәнін игеруге келесі пәндерді 
оқығаннан кейін кірісуге болады: 
- машина жасаудағы сызу (көріністер, түрлері, қималар, кесінділер, 
сызбалардағы өлшемдерді қою); 
- теориялық механика (статиканың заңдары мен аксиомалары, 
жазықтықтағы күштер жүйесі; графостатика; күштердің еркін жүйесі; 
ауырлық центрі және т.б.); 
- материалдар кедергісі (созылу және сығылу, бұралу, тік иілу, тік 
стерженнің бойлық иілуі, беріктік теориясы, динамикалық жүктемелердің 
әсері, уақыт бойынша өзгеріп тұратын кернеу); 
- машина бөлшектері мен тиеу-тасымалдау қондырғылары (бұрандалы, 
пісірілген, сына, шпонкалы, шлицті және профильді қосылыстар, 
механикалық берілістер (тісті, червякты, ременді, шынжырлы және т.б.), 
біліктер мен өстер, подшипниктер, серіппелер, корпустық бөлшектер және 
майлау құрылғылары; 
- өз-ара алмастыру негіздері (шектеулер мен отырғызулар жүйесі, 
кедір-бұдырлылық); 
- материалдарды кесу теориясы (жону, бұрғылау, зенкерлеу, ұңғылау, 
фрезерлеу, сүргілеу, ажарлау, тарту, тістерді кесу және бұранда кесу 
кезіндегі кесу режимдері). 

7

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   240

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет