Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А

Pdf көрінісі
бет9/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   240
Байланысты:
Металл кесу

Бастапқы талаптар: 
Осы модульмен жұмыс жасамас бұрын студенттер сызу, математика, 
физика, химия, геометрия сияқты пәндерді оқуы керек. 
Қажетті оқу материалдары: қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, 
калькулятор. 
 
2.1 Өндірісті технологиялық құрал-сайманмен қамтамасыз ету  
2.1.1 Өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД) тәртібі
 
Өндірісті технологиялық дайындау үш кезеңнен тұрады [2]: 
- конструкторлық дайындық; 
- технологиялық дайындық; 
- бұйымдарды дайындаудың технологиялық процесін, мерзімдерін, 
көлемі мен шығындарын жоспарлау. 
Өндірісті конструкторлық дайындау кезінде конструкторлық 
құжаттардың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ) сәйкес қажетті конструкторлық 
құжаттары бар сызбаларды дайындаумен бұйымдардың конструкциялары 
жасалады. 
Өндірісті технологиялық дайындау кезінде барлық жұмыстар кешені 
Қазақстан республикасының тиісті мемлекеттік және мемлекетаралық 
стандарттарымен регламенттеледі.
Бұл стандарттарда келесі терминдер қолданылады: 
Өндірісті технологиялық дайындау - тапсырыс берушілердің немесе 
нарықтың талаптарына сай бұйымдарды шығаруды қамтамасыз ету 
мақсатымен кәсіпорынның жүргізетін өндірістік қызметі. 
Технологиялық шешім - белгілі жағдайларда бекітілген 
сипаттамалары бар бұйымды шығарудың технологиялық процесстерінің 
параметрлері белгіленген жоба. 
Ұйымдастырушылық шешім - белгілі бір жағдайларда және белгілі 
бір сипаттамаларда белгілі бір өнімді жасау үшін өндірістік цикл 
элементтерін қосу тәртібін белгілейтін жоба. 

14
ӨТД мақсаты - өндірістің тапсырыс берушілердің немесе нарықтың 
талаптарына сай келетін бұйым шығаруға технологиялық дайындығын 
қамтамасыз ету. 
ӨТД келесі мәселелерді шешуге бағытталған: 
- бұйымдарды әзірлеу сатыларын біріктіру және оларды өндіруге 
дайын болу; 
- бұйымдарды жобалау кезінде оларды дайындау бойынша 
технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерді қалыптастыру; 
- бұйымдарды өндіру басталғанға дейін қажетті материалдарды әзірлеу 
және технологиялық процесстерді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін 
шешу; 
- өндірісті заманауи технологиялық процесстермен, бұйымдар 
жиынтығымен, 
материалдармен, 
технологиялық 
құрал-сайманмен 
қамтамасыз ету; 
- қайта құру, кеңейту және жаңа өндірістерді құрудың 
ұйымдастырушылық-экономикалық процесстерін қамтамасыз ету. 
2.1-суретте өндірісті технологиялық қамтамасыз ету кезінде оны 
технологиялық дайындауды жүргізудің үлгілік схемасы, ал 2.1-кестеде 
орындалатын жұмыстардың мазмұны келтірілген. 
Өндірісті технологиялық дайындаушылар: 
1, 9, 10 - тапсырыс беруші немесе тұтынушы; 
2, 7, 12, 23, 24 – бұйымды жасаушы; 
3, 13, 14, 19, 25 – бұйымның сынақ үлгісі мен бірлі-жарымын 
дайындаушы; 
4, 15, 16, 26, 28, 31 – сериялық бұйымдарды дайындаушы; 
5, 6, 17, 18, 22, 27 – мамандандырылған технологиялық ұйымдар; 
8, 11, 20; 21, 29, 30 - тәуелсіз сарапшылар. 
Өндірісті технологиялық дайындау келесі кезеңдерден тұрады: 
1. Бұйымға жобалық конструкторлық құжаттаманы әзірлеу. 
2. Жұмыстық конструкторлық құжаттаманы әзірлеу, бұйымның сынақ 
үлгісін дайындау және сынау. 
3. Сериялық бұйымдарды дайындау және өндіру. 
Өндірісті технологиялық дайындау келесі мақсатта орындалады: 
- бұйымды жобалау үшін; 
- бұйымның сынақ үлгісін шығару үшін; 
- сериялық бұйымдарды шығару үшін.

15

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   240

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет